ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде еңбек қоғамын қалыптастыру, жастарды кәсіптік бағытқа бейімдеу және білікті жұмысшы кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, бұл бастама қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилікті дәріптеудің маңызды қадамына айналды.
Осы бағытта біздің орталық өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді.
Атап айтқанда:
– білім беру ұйымдарына әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету;
– педагогтар мен басқарушы кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;
– инновациялық білім беру тәжірибелерін енгізу және тарату;
– еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау сапасын жақсарту бағыттарында нақты іс-шаралар жүзеге асырылды.
Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша облыс әкімінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы №2 Үкімімен штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарда 6 бөлімнен (жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту, Жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, жұмыс берушілердің жұмысшы кадрларды даярлау, жұмысшы мамандықтарының имиджин ілгерілету, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру )тұратын 123 түрлі іс-шаралар енгізіліп, орындалды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылы әлеуметтік серіктестердің қолдауымен колледждер базасында 2 құзыреттілік орталығы, 6 оқу-жаттығу кабинеті, 3 шеберхана және 1 зертхана пайдалануға берілді.
Атап айтқанда, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базасында «KNAUF» компаниясы «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілік орталығын ашса, М.Тынышбаев атындағы ALT университеті «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету» мамандығына арналған оқу-жаттығу кабинетін ашып, BYD электромобилін сыйға тартты.
Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында «Smart Light Group» компаниясы «SmartHub» құзыреттілік орталығын, «EnergoGroup» компаниясы «Электр жабдықтары» мамандығы бойынша WorldSkills стандарттарына сай оқу шеберханасын, ал «GreenDem» компаниясы «Баламалы энергетика» шеберханасын ашты. Сонымен қатар, MVA Group ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы «Ветеринария» мамандығына арналған оқу кабинетін жабдықтады. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Орман шаруашылығы» мамандығына арналған оқу кабинетін ашты. «MoozTau» ЖШС «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша тәжірибелік сабақтарды шығын материалдарымен жыл бойы қамтамасыз етіп, колледж базасында «Ақылды жылыжай» жобасын жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсетті.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі базасында «Ай-Дин Тараз Құрылыс» компаниясы «Сәндік қолданбалы өнер» мамандығына арналған оқу шеберханасын салды. Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті «Педагогика, психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кабинетін ашты.
№10 Шу колледжі базасында «Қызылша жер» компаниясы «Агрономия» мамандығына арналған оқу кабинетін жабдықтап, төрт түлектің Түркия Республикасында білім алуына мүмкіндік жасады.
Жергілікті бюджет есебінен 6 салалық кешен ашылды. Атап айтқанда:
- №9 Меркі колледжінде – IT Hub;
- №12 Индустриалды-техникалық колледжінде – «Дәнекерлеу полигоны»;
- №8 Мойынқұм колледжінде – «Дәнекерлеу ісі» және «Слесарьлық ісі» мамандықтарына арналған шеберханалар;
- Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде – автотехнопарк;
- Құлан агротехникалық жоғары колледжінде – AgroHub;
- Жаңатас көпсалалы колледжінде – AutoSkills құзыреттілік орталығы.
Жалпы 2025 жылы өңірде инвесторлар есебінен 120 млн теңге, қамқоршылық қаражат есебінен 41 млн теңге және жергілікті бюджеттен 223 млн теңге бөлініп, 10 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
ЖОО-лармен ынтымақтастық аясында ауыл шаруашылығы, автокөлік қызметі және педагогика бағыттары бойынша бірқатар университеттермен меморандумдар жасалды. Нәтижесінде кіріктірілген білім беру бағдарламалары енгізіліп, колледж түлектерінің ЖОО-да оқу мерзімін қысқарту бойынша жол картасы әзірленді.
Сонымен қатар, ALT университеті базасында автокөлік мамандығына арналған оқу кабинеті ашылып, BYD электромобилі сыйға тартылды. Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті педагогика бағытында колледжде кафедра филиалын ашты.
Халықаралық серіктестік шеңберінде Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Сингапур, Өзбекстан мемлекеттерінің оқу орындарымен байланыс орнатылып, тәжірибе алмасу қолға алынды. Соның нәтижесінде Сингапур әдістері енгізіліп, Қытайда педагогтардың тағылымдамасы жоспарланды. Ресейлік колледжбен атом энергетикасы саласында бірлескен бағдарламалар әзірлеу келісілді. Сонымен қатар, «Қос диплом» жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.
Халықаралық АССА қауымдастығының аккредитациясынан Жамбыл инновациялық жоғары колледжі және №9 Меркі колледж Париж академиясы арқылы халықаралық аккредиттеуден өтті.
2026 жылы Жамбыл облысында 42 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (20 мемлекеттік, 21 мемлекеттік емес) барлығы 2075 инженер-педагог қызмет атқаруда (мемлекеттік колледжде-1310, мемлекеттік емес колледжде – 765).
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету – басты міндет.
Осы орайда мемлекетіміз педагогтердің беделін көтеруде жан-жақты қолдау көрсетіп, білім саясатына басымдық беріп келеді.
Білім сапасы педагогтің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.
Колледждің инженер-педагогтерінің біліктілігін арттыру ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ-да, «Өрлеу» БАҰО ұйымдастырылып, 2025 жылы 299 педагог , 17 басшылық құрам курстан өтті. Ал 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, Talap коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы 31 басшы және олардың орынбасарлары, сондай-ақ 321 педагог қызметкердің біліктілігін арттыру көзделуде.
2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының 191 оқытушысы мен өндірістік оқыту шебері отандық кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Шетелдік білім беру ұйымдарымен және кәсіпорындармен халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында Кытай, Корея, Жапония мемлекеттерінде 10 педагог тағылымдамадан өтті.
Қазіргі таңда колледжде 917-і (44,2%) инженер-педагогтің жаңа формат бойынша санаттары бар.
Республикалық «Үздік педагог» атағын алғандар -12, облыстық «Үздік педагог» атағын алғандар – 12.
2025 жылы ҚР «Білім туралы» Заңының 17,20-баптарына сәйкес облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 147 оқу бағдарламасы жаңартылып, реестрге тіркелді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 28864 студент білім алуда, оның 21342 мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды. Ағымдағы оқу жылында 9 салаға сәйкес 65 мамандық бойынша 6720 талапкер мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданды. Ал мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 117 кәсіпорынның сұранысына сәйкес 570 талапкерлер оқуға қабылданды.
Дуальды оқыту жүйесін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Дуальды оқыту жүйесі негізінде облыстағы 36 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 59 мамандық бойынша 732 әлеуметтік серіктестіктермен келісімшарт жасалып, 11965 студент білім алуда. Студенттер кәсіпорын базасында өндірістік тәжірибеден өтіп теорияда алған білімдерін нақтылы өндіріс жағдайында қолдануда. Педагогтер өндіріс орындарынан тағылымдамадан өтуде. 20 өндіріс маманы білім беру ұйымдарына оқу өндірістік шебері ретінде жұмысқа тартылды.
2025 жылы колледжді барлығы 7170 түлек бітірсе, оның ішінде 4941-і (69%) жұмыспен қамтылған. Ал мемлекеттік тапсырыс негізінде колледжді 3764 түлек бітіріп, 2869-ы (76,2%) жұмыспен қамтылған.
Өңірде колледждерді немесе олардағы мамандықтарды ірі бизнес пен кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа беру практикасы енгізілді. Бүгінгі күні 41 колледжді 220 кәсіпорындар шефтік қамқорлыққа алу бойынша келісімдерге қол қойды.