ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА ҚОЛӨНЕРШІЛЕРГЕ АРНАЙЫ ЗАҢ ШЫҒАРУДЫ ҰСЫНДЫ
Гүлдара Нұрымованың айтуынша, қолөнершілерге арнайы заң қажет. Себебі олар толыққанды кәсіпкер де емес, қазіргі бизнес санатына да нақты кірмейді.
Оның сөзінше, өткен жылы бұл мәселе бойынша депутаттар арқылы Үкіметке сауал жолданған. Алайда ол ұсыныс қолдау таппаған.
Биыл бұл бастама қайта көтеріліп отыр. Өйткені көптеген елдерде қолөнершілерді қолдайтын арнайы заңдар бар.
Гүлдара Нұрымова қолөнершілерді – ұлттың мәдени мұрасын сақтап отырған жандар деп атап өтті. Егер оларды қолдау болмаса, бұл өнерді жалғастыратын кейінгі ұрпақ қалмауы да мүмкін екенін айтты.