ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ТОП ЖАРДЫ
Жамбыл облысының оқушылары қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, өңір мерейін үстем етті.
Биыл еліміздің үш өңірінде ұйымдастырылған білім додасына Жамбыл облысынан 29 оқушы қатысып, олардың 18-і жүлдегер атанды. Атап айтқанда, 7 оқушы І орын, 4 оқушы ІІ орын, 7 оқушы ІІІ орын иеленсе, тағы 3 оқушы ерекше жетістіктері үшін марапатқа ие болды.
Осы нәтижелердің қорытындысы бойынша Жамбыл облысының командасы қоғамдық-гуманитарлық бағытта жүлделі І орынды иеленіп, республика бойынша үздік атанды.
Мамандардың айтуынша, бұл – жүйелі еңбектің, сапалы білім берудің және ұстаздардың кәсібилігінің нақты нәтижесі.
Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағытта да өңір намысын қорғаған 37 оқушының 16-сы жүлделі орындарға ие болып, жақсы көрсеткіш көрсетті.
Білім саласының өкілдері оқушылардың табандылығы мен білімге деген құштарлығы еліміздің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, жас дарындарды дайындаған ұстаздарға да ерекше алғыс білдірілді.
Жамбылдық оқушылардың бұл жетістігі – өңірдің білім саласындағы әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.