МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Жамбыл облысы мемлекеттік сатып алу басқармасына мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде тапсырыс берушілерден жыл басынан жалпы сомасы 35,8 млрд теңгеге 149 лот бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге өтінімдер келіп түскен. Басқарма тарапынан ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша 26,5 млрд теңгені құрайтын 127 лот бойынша (85,2%) жеңімпаздар анықталды.
Анықталған жеңімпаздардың жалпы саны – 67 мердігерді құрайды, оның ішінде:
- Жамбыл облысында тіркелген 45 мердігермен 18,0 млрд теңгеге (69,8 %) 87 лот бойынша келісім-шарт;
- басқа облыстарда тіркелген 22 мердігермен 7,8 млрд теңгеге
(30,2 %) 40 лот бойынша келісім-шарт жасалды.
Нәтижесінде жалпы келісім-шарт сомалары 25,8 млрд теңгені құрап, үнемделген бюджет қаражаты 0,7 млрд теңгені құрады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 22,4 млрд теңгеге
22 нысан бойынша хабарламалар жарияланған, оның ішінде:
- ауыз су және жылыту жүйесімен қамтамасыз ету бойынша
3 нысан - 12,9 млрд теңге;
- электрмен жабдықтау бойынша 2 нысан - 0,6 млрд.теңге;
- мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары – 3 нысан - 4,4 млрд.теңге;
- күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 12 нысан - 2,9 млрд.теңге;
- жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша 1 нысан - 0,8 млрд. теңге;
- басқа да жұмыстар 1 нысан - 0,8 млрд.теңге.
Сонымен қатар, тауарлар, қызметтер және құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын 127 лот жарияланды, оның ішінде:
- тауарлар бойынша 40 лот– 1,2 млрд. теңге;
- қызметтер бойынша 62 лот – 11,1 млрд теңге;
- құрылыспен байланысты емес жұмыстар бойынша 25 лот – 1,0 млрд теңге.
Құрметті көрермендер, құрметті БАҚ өкілдері!
Баяндамамды қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі өзгерістерге тоқталғым келеді.
Ең алдымен, бұл электрондық депозитарийге қатысты өзгерістер. Талдау жүйелі бұзушылықтардың бар екенін көрсетті — жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарға жалған мәліметтер енгізу фактілері анықталды, оның ішінде нысандарды пайдалануға беру туралы бұрмаланған және жалған актілерді тіркеу орын алған.
Мұндай жағдайлар сот дауларына әкеліп, нәтижесінде бюджет қаражатын уақтылы игеруге кері әсерін тигізді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі нормативтік және техникалық шаралардың кешенін қабылдады. 2024 жылғы 8 қазандағы №676 және 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №809 бұйрықтарымен Мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша тәжірибені растайтын құжаттарға қойылатын талаптар күшейтілді.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 наурыздан бастап жұмыс тәжірибесін растау тәртібі өзгертілді. Бұған дейін енгізілген құрылыс-монтаж жұмыстары, техникалық қадағалау және жобалау бойынша мәліметтер белгіленген мерзімде міндетті түрде қайта расталуға тиіс болды. Қайта тексеруден өтпеген деректер «белсенді емес» мәртебесіне ауыстырылып, конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде есепке алынбайды.
Бұл шаралар жалған ақпаратты болдырмауға, ашықтықты арттыруға және әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Екінші маңызды мәселе — құрылысқа қатысы жоқ жұмыстарды (ағымдағы және орташа жөндеу, сондай-ақ абаттандыру) сатып алу кезіндегі біліктілік талаптары.
Бұрын қолданыста болған нормаға сәйкес, тиісті лицензияның болуы әлеуетті жеткізушінің материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілгенін растайтын. Бұл рәсімдерді жеңілдетіп, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендететін.
2025 жылдан бастап жаңа Қағидалардың енгізілуімен бұл тәсілдер өзгертіліп, ресурстарды меншік немесе жалға алу құжаттары арқылы растау бойынша қосымша талаптар пайда болды. Іс жүзінде бұл процесті күрделендіріп, сатып алу мерзімдерін ұзартып, жалған құжаттар ұсыну тәуекелдерін арттырады.
Осыған байланысты бұрынғы норманы қайта енгізу туралы ұсыныс жасалып, бұл бастама қолдау тапты. Оны іске асыру рәсімдердің мерзімін қысқартып, адал жеткізушілердің қатысуын жеңілдетіп, жалған құжаттарды ұсыну фактілерін азайтуға мүмкіндік береді.
Үшінші бағыт — «Омаркет» жүйесінде антифрод-бақылауды енгізу. 2025 жылғы 23 қазаннан бастап Қаржы министрлігі әзірлеген, бағаларды негізсіз көтерудің алдын алуға бағытталған зияткерлік жүйе жұмыс істейді.
Механизм автоматты түрде жұмыс істейді — жүйе баға ұсыныстарын талдап, оларды нарықтық деректермен салыстырып, ауытқуларды анықтайды. Айтарлықтай айырмашылық болған жағдайда жеткізушіге хабарлама жіберіледі, ал сыни ауытқулар кезінде мұндай ұсыныстар қабылданбауы мүмкін.
Бұл құрал өз тиімділігін көрсетті — қазіргі уақытта тапсырыс берушілер тарапынан бағаларды жүйелі түрде негізсіз көтеру фактілері байқалмайды.
Жалпы алғанда, бұл негізсіз баға өсімінің алдын алуға, адал қатысушыларды қорғауға және сатып алудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Соңында, төртінші маңызды аспект — жаңа Қағидалардың 74-тармағын қолдану. Бұл норма тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушілерден жұмыстарды немесе қызметтерді нақты орындау өңірінде тіркелген материалдық және еңбек ресурстарының болуын талап ету құқығын береді.
Бұл шара міндеттемелерді сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ жергілікті мердігерлерге қосымша артықшылықтар беріп, өңірлердегі бизнестің дамуын ынталандырады.
Қабылданған өзгерістер нәтижесінде жергілікті жеткізушілердің үлесінің артқаны байқалады.
Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын, тиімділігін және оған деген сенімді арттыруға бағытталған.