Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Облысымызда 2023 жылдың 1 тамызына 839 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс атқаруда. Оның ішінде – 14 ірі кәсіпорын, 21 – орта, 804 – шағын кәсіпорындар. Аталған кәсіпорындарында 45,7 мыңнан астам (43 151) адам жұмыс істейді. Жамбыл облысында 2023 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша 268,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 7,2% құрады. 2026 жылға дейін 1,9 трлн. теңгеге 4 мың жұмыс орнын құра отырып, 60 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы жыл басынан бері 3,9%-ды (ҚР-3,4%) (9-орын) құрады. Көкөніс тауарларының маусымаралық кезеңде бағасын тұрақтандыру мақсатында ақпан айының басынан бері барлығы 3063 тоннаға интервенция жүргізілді. Жыл басынан бері артық делдалдық буынды жою комиссиясының 70 отырысы өтіп, артық 43 делдалдық буын жойылды. Облыс бойынша 180 ірі сауда дүкеніне делдалсыз  2961 тонна 9 тауар (ұн, тауық еті, сүзбе, тұздалмаған сары май, рожки, жұмыртқа, тұз, қант және айран) түрі бойынша тікелей жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Өңіріміздегі 244 ірі сауда желілерімен 11 412,5 тонна көлемінде 10 (ұн, тауық еті, ет, тұздалмаған сары май, рожки, сүт,  пияз, картоп, қырыққабат және сәбіз) тауар түрі бойынша күзгі форвардтық келісім жасалды. Сонымен қатар, 103 жәрмеңке өткізіліп, 993,3 млн. теңгеге 3,8 мың тонна арзандатылған ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Ағымдағы жылдың сегіз айында облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 111,9 млрд.теңгені құрайтын барлығы 38 615 кәсіпкерге несие берілді. Бұл қаражаттың 59,8% яғни 66,9 млрд.теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 12,8% яғни 14,3 млрд.теңгесі «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 21,4% яғни 23,9 млрд.теңгесі микроқаржы ұйымдары арқылы, 6% яғни 6,7 млрд.теңгесі «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы несиелендірілді. Берілген несиелердің 44,4 млрд.теңгені құрайтын 3417 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды. Облыста кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға 2023 жылға 15,6 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанына ШОБ-та жұмыспен қамтылған адамдар саны 157 125 адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 122,0% өсті. 2023 жылдың 1-ші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 129,5  млрд. теңге өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріп 11,5% артты. (2022 жылы 116.1 млрд. теңге.)
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар