Брифинг

Ұлттық спортты дамытудың жоспары мен барысы

Ұлттық спортты дамытудың жоспары мен барысы

2004 жылы

ұлттық спорт түрлерін облыс өңірінде дамыту мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Әулие-Ата» ат спорты клубы» құрылған болатын, 2017 жылы Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен аталған клуб «Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Қазіргі таңда мекемеде ұлттық спорт түрлерінің 8 түрінен 300 спортшы жаттығады. Олармен 14 білікті жаттықтырушылар жұмыс істейді. Көкпардан - 2 жаттықытырушы, 54 спортшы, Аударыспақтан - 1 жаттықтырушы, 63спортшы, Жамбы және дәстүрлі садақ ату -2 жаттықытырушы, 24 спортшы, Теңге ілуден -1 жаттықтырушы, 16 спортшы, Асық атудан - 2 жаттықытырушы, 55 спортшы, Құсбегіліктен - 2 жаттықытырушы, 17 спортшы, Тоғызқұмалақтан - 2 жаттықытырушы, 71 спортшы. Қазіргі таңда мекемеде жаттығатын спортшыларлың ішінде 3 «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», 34 «Қазақстан Республикасының спорт шебері» және 23 «Спорт шеберіне үміткер» спортшылар жаттығады. Ағымдағы жылы клубтың барлық жас топтары арасында ұлттық спорт түрлерінен ҚР ұлттық құрама командасының құрамына  50 спортшы енді. Оның ішінде ересектер құрамасына 19 спортшы, жастар құрамасына 18 спортшы, жасөспірімдер құрамасына 13 спортшы. Осы күнге дейін Жамбыл облысының ұлттық ат спорты ойындарынан құрама командаларды жоғары спорттық жетістіктереге жеткізгені үшін 5 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алды. Республикалық жарыстарда да спортшыларымыздың жетістіктері көп. Көкпардан «Әулие-Ата» командасы - Қазақстан Республикасы чемпионаттарының 12 дүркін жеңімпазы (2001, 2002, 2005, 2007, 2009, 2010, 2013, 2015, 2017, 2019, 2021, 2022 жылдар), - «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының 2 дүркін жеңімпазы (2003, 2013 жылдар), - Ұлттық спорт түрлерінен өткен республикалық фестивальдің 5 дүркін жеңімпазы(2004, 2011, 2015, 2019, 2023 жылдар), - Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін өткен халықтар ойынының жеңімпазы (2006 жыл), - Қоғам қайратері А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы (2018), - Көкпар федерациясының Кубогы үшін өткен республикалық турнирдің жеңімпазы (2021 жыл) Соңғы үш жылда қол жеткізген медальдар санына тоқталатын болсақ: 2021 жылы Азия чемпионаттарында 2 күміс медаль, Қазақстан Республикасы чемпионаттарында 43 медаль, оны ішінде 32 алтын, 11 күміс медаль бар. 2022 жылы Әлем чемпионаттарында 3 медаль, оның ішінде 2 алтын және 1 қола медаль бар. Азия Кубогында 1 қола медаль. Қазақстан Республикасы чемпионаттарында 34 медаль, оның ішінде 16 алтын, 4 күміс, 14 қола медаль. 2023 жылдың қыркүйек айына дейін 28 медаль иелендік, оның ішінде 14 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль.