Жаңалықтар

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығымен арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аталған шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асып отырғандығын айтты. Президент өзінің халыққа Жолдауында ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғамның орнықты дамитындығын, орталықтағы ауқымды ресусрстарды, білікті дәрігерлердің тәжірибесін өңірлердегі медициналық қызметкерлермен бөлісудің маңыздылығын баса айтқан болатын. Меморандумның алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал етеді деп сенеміз. Орталықтың басшысы Алексей Цойдың айтуынша, бұл келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, қажет болғанда жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Айта кетейік, аталған шара аясында облысымызда Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының күндері өтті. Елордалық клиниканың жоғары білікті дәрігерлері тегін кеңестер беріп, оталар жасады. Сондай-ақ, жамбылдық әріптестерімен аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Төрт күннің қорытындысы сәйкес, олардың қатысуымен науқастарға 32 ота жасалып, 60-тан астам кеңес берілсе, 30-ға жуық презентация мен шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қатысушы ретінде 500-ден астам жамбылдық дәрігерлерді қамтыды. Мемлекет басшысы ұсынған ПІБ Медициналық орталығының жоғары білікті мамандарының оқыту және озық тәжірибені аймақтарға тарату идеясы еліміздің қалалары мен аудандарында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға оң әсерін тигізетініне сенімдіміз. Бүгінде облыстағы медициналық нысандардың саны артып,  олардың заманауи құрал-жабдықтармен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы тарапынан саладағы мамандардың жалақысын арттыруға айрықша көңіл бөлініп келеді. Алексей Цойдан облыс медицинасының дамуына үздіксіз қолдау көрсетіп, көңіл бөлгені үшін Президентімізге Жамбыл облысы тұрғындарының атынан алғыс айтуын сұрадым,-деді облыс басшысы Ербол Қарашөкеев.