Луговой ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Луговой ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Есепті кезеңде Луговой ауылдық округінде барлық салалары бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр. Кәсіпкерлік саласы бойынша бүгінгі күнге Луговой ауылдық округінде 144 шағын орта бизнес, 1 ірі кәсіпорын тіркелген. Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны - 126, ЖШС - 6. 2023 жылға Луговой ауылы бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында, 3 адам 4 140 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Мал басына тоқталар болсам, 9 айда мал басы 23115 мыңға жетіп отыр. Мүйізді ірі қара – 2278 бас, жылқы – 1470 бас, қой мен ешкі – 19367 бас, құстар – 9265 бас. Сүт өндірісі – 360 тонна. Жұмыртқа – 3700 дана. Ет (тірі салмақта) өндірісі – 380 тонна. Жоспарланған инвестициялық жобаларға келер болсақ, Луговой ауылы бойынша 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 540 500 000 мың теңгені құрайтын 7 шағын инвестициялық жобалар айқындалып, оның 155 500 000 мың теңге құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды. Олар: ТЖО «Автобөлшектер» дүкені (жоба құны 10,5 млн теңге), «Азалия» азық-түлік дүкені (жоба құны 15 млн теңге), көп пәтерлі жалдамалы үйлер (жоба құны 110 млн теңге), «Айша» азық-түлік дүкені (жоба құны 20 млн теңге). Нәтижесінде 7 адам жұмыспен қамтылды. Конституция мерекесінің қарсаңында аудан әкімі Жамбыл көшесіндегі қайта жаңғыртудан өткен қызметтік пәтерлердің (20 пәтер) кілтін бюджеттік мекеме қызметкерлеріне табыстады. Ғимарат 2022 жылы 42 337,36 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, алаңы абаттандырылды. Ғимарат 3 бөліктен, 20 пәтерден тұрады, аумағы – 5000 шаршы метрді құрайды. 2023 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша сұранысқа ие мамандардың тізбесі жасалып, 2 маман бекітілді (білім саласынан-1 маман, мәдениет саласы-1 маман). Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке 1 маманға 5 млн. 175,0 мың теңге қаражат қарастырылып, бүгінгі таңда көтерме жәрдемақы 100 АЕК 1 маманға (345 000 тг.) төленіп берілді. Қазіргі таңда ауылдың 46 көшесі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. (2 су ғимараты жұмыс істейді). Ауылішілік 46 көшенің барлығы 100% асфальттанған. Сондай-ақ, ауылдық округте зейнеткерлер саны 869 адам, көпбалалы аналар саны - 314, оның ішінде 52 - «Алтын алқа», 92 - «күміс алқа» иегерлері. Ағымдағы жылы 136 адам тұрақты жұмыспен, 24 жастар тәжірибесімен, 71 ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Білім саласы бойынша Луговой ауылдық округінде 3 мектеп 2 балабақша бар (1 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 1 мектеп-лицейі, «Алтын сақа» «Балбөбек»). 3 мектепте – 2131 оқушы білім алса, 299 мұғалім жұмыс атқарады. 2 балабақшада 430 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ауылда 1 емхана және 1 фельдшерлік-акушерлік пункті орналасқан. Луговой ауылында 1 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы, 2 спорт мектебінің филиалдары орналасқан. Спорт мекемелерінде 6 жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт мектептерінде 6 спорт түрінен үйірмелер бар, онда 315 жасөспірім спортпен тұрақты шұғылданады.