Жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды
- author Zhambylokq
- 30 қыркүйек, 2023
- 242
Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің шалғай аудан - Мойынқұмдағы жұмыс сапары Айдарлы ауылындағы No 2 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды.
Екі қабатты нысанның жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған.
Ол үшін 248 млн. теңге қаржы қаралған. Мердігер «DaurenBuild» ЖСШ кесте бойынша жұмыстарды осы жылдың қазан айының 20-на дейін аяқтауы тиіс.
Жылыту жүйесі автономды, қатты отынға ынғайластырылған мектепке 350-ден астам бала тіркелген.
Алдағы жылыту маусымы үшін 260 тонна көмір жеткізілген.
Облыс әкімі құрылыстың сылбыр жүріп жатқанына назар аударып, мердігерге сапаны сақтай отырып, белгіленген мерзімде тапсыру керектігін ескертті.
Келесі кезекте, аймақ басшысы жақында ғана пайдалануға берілген Қызылтал ауылдық округіндегі су ғимаратына барды.
Жер асты су көзін пайдаланатын нысан арқылы 170 аула (877 адам) тіршілік көзімен қамтылуда.
Айта кету керек, елді мекенге таза ауыз су 30 жылдан кейін тартылып отыр.
Магистральдық және сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 14 шақырымнан асады.
Ербол Қарашөкеев нысанның қызметімен, қондырғылардың жұмысымен танысты.
Ауыл қарияларымен сөйлесіп, жағдайларын сұрап, судың сапасын тексерді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫСЫМДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЙЫЛДЫ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ӨҢІРДЕ «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТӨРТ ШОМЫЛУ ОРНЫ БЕКЕТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026






