Өңіріміздегі балалар мен жасөспірімдер туризімінің әлеуеті
Өңіріміздегі балалар мен жасөспірімдер туризімінің әлеуеті
Ішкі туризмді дамытудың негізгі бағыттарының бірі балалар мен жасөспірімдер туризмі болып табылады. Жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес балалардың оқу процесіне қызығушылығын арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Басты мақсат – экскурсиялық-танымдық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін, сондай-ақ оны білуге деген құштарлығын ояту. Облыс аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарды қамтитын арнайы туристік маршруттар әзірленді. Балалар туризмінің стратегиялық міндеті - оқушыларды туған елінің танымдылығына тарту, оларды Мемлекеттің ұлттық, тарихи-мәдени және табиғи құндылықтарына баулу, бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың зияткерлік, рухани және шығармашылық дамуын, сондай-ақ патриоттық тәрбиесін қамтамасыз етеді. Жылдық жоспарға сәйкес, «Taraz city bus» экскурсиялық автобусының жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара 2023 жылдың сәуірінен басталып, 6 айға созылды.Оған 1900 оқушы қатысты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балаларға арналған Тараз қаласының гимназияларының 7-8 сынып оқушыларына арналған «жанды сабақтар» жобасы ағымдағы жылдың 6 сәуірі мен 11 мамыры аралығында өтті. «Жанды сабақтардың» міндеті, бір жағынан, туристік-тарихи ресурстарды пайдалану негізінде оқу ұйымдарының білім беру кеңістігін ұлғайту, екінші жағынан, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістері ретінде білім беру экскурсияларын дамыту болды. Аталған іс-шараға жоспар бойынша 500-ден астам оқушы қамтылды. Жамбыл облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полициясынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша есепте тұрған балалардың тізімі ұсынылды және 2023 жылдың мамыр айында олар үшін 100-ге жуық оқушы қатысқан туристік танымдық экскурсиялар өткізілді. 6 шілдеде Астана күнін мерекелеу қарсаңында «Зерде» дарынды балаларды оқыту орталығының үлгілі оқушылары үшін тегін экскурсиялық автобус ұйымдастырылды. Экскурсиялық бағдарлама келесі тарихи нысандарды қамтыды: «Ежелгі Тараз» ашық аспан астындағы тарихи-археологиялық мұражайы, «Қарахан» кесенесі, «Дәуітбек» кесенесі, «Айша бибі» кесенесі, «Бабаджа хатун» кесенесі және «Тектұрмас» кесенесі. Білім басқармасы тарапынан жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында облыста орналасқан 11 балаларды сауықтыру лагерлерімен 7614 бала қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде негізінен аталмыш бағытта арнайы оқытылған, тәжірибелік мүмкіндігі мол мамандары бар «Радио бағдарлау және альпинизм» федерациясы қызмет көрсетумен қатар 2012 жылдан бастап, жылына 500 ден аса шәкірт тәрбиелеп жатыр. Осы мамандық түрін үйренген әрбірі кезкелген қиындықтағы шыңды бағындыру жұмыстарын ұйымдастыра алады.