Ветеринария пункттеріне жаңа автокөліктер табысталды
Бүгін аймақтағы ветеринариялық стансалар жаңа 10 УАЗ қызметтік көлікпен толықты. Автокөлікті облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы мен аудандардағы ветеринариялық пункттерге табыстады.
Жамбыл ауданы Аса ауылындағы ветеринария стансасында өткен іс-шарада аймақ басшысы саладағы басымдықтар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.
Сондай-ақ, аймақ басшысы аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен бірге ветеринариялық пунктінің жұмысымен танысып,аралады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, үрдістерді цифрландыру, малдәрігер мамандарын дайындау, жалақыларын өсіру сынды маңызды тапсырмалар берілген болатын. Бұл тапсырмалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.