ЖРВИ және тұмау – маусымдық аурулар
ЖРВИ және тұмау – маусымдық аурулар
Тұмау және басқа жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) ауру зақымдайтын адамдар саны бойынша аурулардың ішінде бірінші орында. Жыл сайын күзгі-қысқы уақыт кезеңінде тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Бұл, ең алдымен, метеорологиялық жағдайлардың өзгеруіне, яғни салқындануына, ылғалдылықтың жоғарылауына, организмнің төзімділігінің табиғи төмендеуіне және жабық бөлмелерде адамдардың жиі жиналуынан болады. 2023 жылғы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (1 қазаннан бастап) облыстың медициналық ұйымдарында жіті респираторлық вирустық инфекциясы бар 2000-нан астам науқас қаралды, олардың 62% - ы 14 жасқа дейінгі балалар. Жіті респираторлы вирусты инфекцияларды тудыратын респираторлық вирустардың 200-ден астам түрі бар. Олардың бірі-тұмау вирусы. Тұмау ауру адамнан түшкіру, жөтелу және тіпті сөйлесу кезінде бөлінетін сілекей немесе шырыштың көрінбейтін тамшыларымен сау адамға беріледі. Сонымен қатар, тұмау вирусы лас қолдар арқылы таралады. Тұмаудың асқынуы: пневмония, энцефалит, менингит, жүкті әйелдегі тұмау жүктіліктің асқынуын, ұрықтың патологиясын, созылмалы аурулардың өршуін тудыруы мүмкін. Ауруды емдеу дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылады, ол науқасты тексергеннен кейін ғана емдеу режимін тағайындайды және басқа ұсыныстар береді. Алдын алудың ең тиімді әдісі – екпе. Ең алдымен, тәуекел тобына кіретіндерге вакцинация ұсынылады. Екпе салудың тиімділігі 97-98% дейін, тіпті вакцина аурудан толық қорғамаса да, бірақ вакцинацияланған жағдайда ауруды жеңіл және асқынусыз өткізеді. Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражатына тәуекел тобындағы адамдар үшін тұмауға қарсы вакцинаның 122 мыңнан астам дозасы сатып алынды. Бүгінгі күнге тәуекел тобындағы 2000-нан астам адам тұмауға қарсы вакцинамен қамтылды.