Шерхан Мұртаза атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындау бастамасы қолға алынды
Шерхан Мұртаза атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындау бастамасы қолға алынды
Шерхан Мұртаза атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындау бастамасы қолға алынды.Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің мәдениет қызметкерлерімен кездесу жиынында айтылды. Кездсуде Мемлекет басшысы айтқан креативті индустрияны дамыту, облыстың экономикалық, әлеуметтік жағдайы туралы ойларымен бастаған аймақ басшысы мәдениет саласындағы жағымды жаңалықтарды ортаға салды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков, ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанова, композитор, Мәдениет қайраткері Дүйсенәлі Бықыбаев облыс әкімінен кейін сөз алып, ұсыныс- пікірлерін ортаға салды.Жиында сала ардагерлері тарапынан халықаралық фестиваль ұйымдастыру, облыстағы драма театрдың ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Тараз» триосының 50 жылдығы, облыстық қазақ драма театрының 90 жылдығы, қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың 110 жылдығы т.б. даталарды өз деңгейінде атап өту сынды ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында облыс әкімі сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.