Жаңалықтар

Кітапхана жұмысы және 2024 жылға арналған жоспары

Кітапхана жұмысы және 2024 жылға арналған жоспары

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында бағытталған «Оқитын ұлт» республикалық жобасы шеңберінде «Әдеби өлкетану» жобасы аясында Әулиеата өңірінде дүниеге келген шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қолдау, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде», «Жазушымен бір күн», «Бір өңір – бір кітап», өңір тұрғындары арасында айтыс өнерін насихаттау, суырып салма ақындардың шығармашылықтарын таныту, жастардың эстетикалық талғамын жоғарлату мақсатында «Айтыс дәстүрі: өткені, бүгіні мен келешегі» акциялары аясында түрлі форматта көпшілік-мәдени іс-шаралар өткізіп жатыр. «Ел болып оқимыз»  жобасы - әр айда Ш.Уәлиханова атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқуға таңдалған автордың шығармашылығына арналған түрлі форматтағы мәдени іс-шарамен автордың еңбектерін зерделеу айының ресми ашылуы өтеді. Іс-шараға автордың өзі (бар болса), замандастары, қаламдас әріптестері, болса шәкірттері арнайы шақырылып, өз ойлары және естеліктерімен қатысушы жастармен бөліседі. Әрі қарай ай ішінде өңірдің барлық кітапханаларында осы авторға арналған іс-шаралар өтеді (шамамен 50-ге жуық іс-шара), шығармалары жергілікті әлеуетке оқуға ұсынылады. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»  жобасы - кезінде айтылған «Кітап – үнсіз мұғалім», «Алтын – жерде, білім – кітапта», «Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам», «Бір оқулық – мың адамды оқытады» секілді даналық сөздерді, кітап - ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін құрайтынын, ал кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіретінін жастардың санасына сіңіру, оларды кітап оқуға баулу, автор мен оқырман арасындағы алтын көпір тәрізді автордың ойын, негізгі идеясын оқырманға жеткізуге тырысу, дәріптеу.Іске асыру мерзімі: 2023-2025 жж. «Жазушымен бір күн» акциясы - үздік қазақстандық және өлкелік шағармаларды өңір тұрғындарына арасында кеңінен таныту, кітап оқуды ілгерлету, жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттау, кітапхана имиджін жоғарлату, оқырман мәдениетін қалыптастыру. «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» - өңір кітапханалары мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту, кітапхана мен кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, кітапханашылардың қоғамдық және кәсіптік әр түрлі өмір тараптарын қамту, өңірдің ерекше мәдени, тарихи көркем көріктілерін, әдеби мұраларын тереңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мүддені қорғауға деген игі сезімді оятуға атсалысу, заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңы ретінде кітапханалардың қоғамдағы деңгейін арттыру, кітапхана мамандарының өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету. «Туы биік, тұғыры берік - Жамбыл елі»  облыстық байқау -  туған жер мен оның адамдарына деген махаббат көптеген ақын-жазушыларға тəн қасиет екенін және олардың өзгелерді өзіне тартып тұратын, ізденімпаз, талантты тұлғалар ретінде үлкендер мен балаларға дүниені басқаша қабылдауға көмектесу, жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау жұмыстарының аясын кеңейту, жергілікті тұрғындар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру. «Кітапханашы – ххі ғасыр мамандығы» «жыл маманы» байқауы (екі жылда бір рет, яғни 2024 жылы өтеді) - қоғамның  өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі, кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуі, пайдаланушылардың   ақпараттық қажеттігін қанағаттандыруға, оқуға басшылық жасау – бүгінгі таңдағы кітапханашының оқу сапасын көтеру, ауыл кітапханашыларының біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау, өйткені  қасиетті қазынамызды көзінің қарашы¬ғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар бүгінгі күні ол - менеджер, ол-бағдарламашы, ол-психолог, бірнеше саланы меңгерген, дәлірек айтқанда, кітапхана ісінің дамуын алға жылжытатын, қызмет көрсетудің әдіс-тәсілін қалыптастыратын білікті маман болуы шарт.