Брифинг
Облыста Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2023 жылы орындалуы
- author Zhambylokq
- 6 қазан, 2023
- 130
Облыста Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2023 жылы орындалуы
Басқармаға қарасты «Тіл оқыту орталығы» және оның 8 аудандағы филалында 43 адам жұмыс істейді. Бұдан басқа 2021 жылдан бері Қордай аудандық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» құрылған (16 адам), ағымдағы жылға аудандық бюджеттен 40,3 млн. теңге бөлінген. Облыста қазіргі тілдік ахуал қазақ тілінде сөйлейтіндердің басымдығымен сипатталады. Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі – 92,6% (жоспар – 92,5)7 Алайда бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының еркін жазып, сөйлей алатын деңгейге жетті дегенді білдірмейді. Соңғы халық санағының қортындысы бойынша тұрғындардың 74% толық меңгерген. Іс жүзінде қазір этнос өкілдерінің өзара сөйлесу тілі – орыс тілі. Өзге этностар арасындағы қазақ тілін меңгеру деңгейі – 61%. Дегенмен, облыстағы ірі кәсіпорындарда, жеке секторда, банк саласында, құқық қорғау органдарында тілдің қолданыс аясы әлі де төмен. Осыған орай, «ТаразКожОбувь» және «Қазфосфат», «Жамбыл электр жүйесі», «ТРЗ ТЕМП» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері басшылығы және қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Жыл басынан 35 жергілікті атқарушы органдардың ресми сайтына мониторинг жүргізіліп, олардың мемлекеттік тілде ашылуы қамтамасыз етілді. Мониторинг барысында ресми сайттардың санына емес, олардың жүргізілу сапасына назар аударылып, 8 мекемеге ескерту жасалып, түзетілді. Жалпы алғанда 171 интернет-ресурс талданып, нәтижесінде 70-і бойынша орын алған кемшіліктер түзетіліп, қайта жетілдірілді. Бүгінгі таңда жастардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде білім алуда. Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа барған оқушылардың 78%-ның ата-аналары қазақ тілінде білім алуды таңдаған. Тіл оқыту Облыста мемлекеттік тілді оқытудың Жол картасы бекітілген. Соған сәйкес, мемлекеттік тілді үйренушілер санын ағымдағы жылы 4050 адамға жеткізу жоспарлануда, бүгінгі күні 3138 адам оқытылды. Мемлекеттік тілге оқытуда этностар тығыз шоғырланған елді мекендерге басымдық берілуде. Қамтылғандардың 88,7% (2785 адам) өзге этнос өкілдері. Ал үш тіл бойынша барлығы 3705 тыңдаушы (орыс тілі – 123, ағылшын тілі – 444) тегін оқу курстарына қамтылды.
Тіл үйренушулерге тілдік орта қалыптастыру мақсатында құрылған қазақ және ағылшын тілі тыңдаушыларының «SŐİLE» және «RELAX AND LEARN» клубтарының 106 отырысы өтіп, 3424 тіл үйренуші қамтылды.
Бұдан басқа әлеуметтік желіде 5 жоба – «Tarazlatyn», «Сауаттылық Time», «Мен қазақша сөйлеймін», «Termindi Bil» және «Til Bailyq» жүзеге асырылуда.
Тіл саясатына қатысты жұртшылық арасында, әлеуметтік желілерде көтерілетін мәселелердің басым көпшілігі – мемлекеттік тілде қызмет көрсету сапасы.. Облыста нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау кезінде құжаттарды мемлекеттік тілде ұсыну деңгейі 15% ғана («Нотариат туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес нотариаттық iс «Тiл туралы» Заңға сәйкес жүргiзілуі тиіс). Халыққа қызмет көрсетудің бір түрі – бақылау-касса машиналары арқылы жасалатын операциялар, яғни тұтынушыларға ұсынылатын түбіртектердегі ақпараттардың жазу тілі орыс тілінде.
Жалпы, жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінде, сауда орындарында және халыққа жаппай қызмет көрсететін мекемелерде тіл туралы заңның талаптарын түсіндіру бойынша Басқарама тарапынан 43 кездесу, «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» тақырыбындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде үкіметтік емес ұйымдармен 61, барлығы 104 (2022 жылы-341) нысан иелері мен қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік кірістер және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарымен бірлескен жұмыс атқарылды, әлі де жалғасуда. Дегенмен аталған мәселе әлі күнге дейін өз деңгейінде шешілмеуде.
Тіл саласында ең көп сын айтылатын тақырып – көшедегі, қоғамдық орындарда ілінген көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы тіл жағдайы.
Жыл басынан облыс аумағында 16853 көрнекі ақпараттар мен жарнаманың тіл туралы заңнамаға сәйкестігі зерделенді. Оның ішінде 1372 кемшілік анықталып, 55-і алынды, 61-і заң талаптарына сәйкестендірілді, 1256-не түзетуге мерзім берілді.
Жарнама мәтіндерін дайындау ісінде әдістемелік көмек көрсету, көрнекі ақпараттардың сапасын арттыру мақсатында «Атамекен» Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген. Ономастика Облыста 5797 физикалық-географиялық бірлік және оның құрамдас бөліктері (371 елді мекен, 5426 көше) бар. 5426 көше атауларының 761 (14,1%) – жер-су атымен, 1189-ы (21,9%) – дәстүрлі атаулар, 3476-і (64%) кісі есімімен аталады.
Кісі есімімен аталатын көшелердің 1386-ы (39,8%) (көше, даңғыл, саябақ т.б.) ҚР Президенті Әкімшілігі ұсынған (2021 жылғы 2 қыркүйектегі №01/2967-И) «Тарихи тұлғалар» тізіміне сәйкес келеді.Алайда, елді мекендер мен көшелер атауының 11,4% өзгертуді қажет етеді (топонимикалық жүгі жоқ және аса танымал емес кісі есімдері). Мағынасы жағынан ескірген 7 елді мекен және 554 көше (оның 310-ы дәстүрлі атаумен, 244-і кісі есімімен аталған), 7 атауы жоқ жаңа көшелер, атауы қайталанатын 13 көше бар.
Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, қайта атауды талап ететін көшелер мен елді мекендердің атауларын жүйелеу үшін «Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілген.
Жол картасына сәйкес 145 нысан мен елді мекенге, құрамдас бөліктерге (1 ғимаратқа, 18 мектеп, 1 аудандық кітапханаға, 124 көше, 1 елді мекен) атау беру және қайта атау жұмыстары жүргізілуде.Жыл басынан бері облыстық ономастика комиссиясының екі отырысы өткізілді, «Тарихи тұлғалар» тізімін өзектендіруге Жамбыл облысынан ұсынылған тізім қайта пысықталып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жолданды.
Атауларды ауыстыру тарихи, саяси қажеттілік екенін түсіндіру бағытында қоғамдық ұйымдар мен белгілі қайраткерлерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін тарта отырып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Есепті тоқсан ішінде барлық аудан әкімдіктері жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелерімен кездесулер өткізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, идеологиялық тұрғыдан мағынасы ескірген Тараз қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша жергілікті тұрғындар арасында алдын-ала түсіндіру жұмыстарыжүргізу мақсатында 36 кездесу өткізілді.
Келесі мақала