Облыс әкімі жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды
Облыс әкімі жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды
Жамбылдықтар әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салды. “Әскерге бару - азаматтық борышың!” атты салтанатты жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, отан қорғаушыларға үлкен сенім білдірді.
Айта кетейік, биыл Жамбыл облысынан көктемгі шақыртуға 1500-ге жуық жас сарбаз азаматтық парызын өтеуге әскер қатарына жіберілді. Солардың қатарындағы 40 азамат бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметіне және Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 35142 әскери бөліміндеріне мерзімді әскери қызметтерін атқаруға бара жатыр. Жиынға қатысушылар Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы Барлау тобының қоян-қолтық ұрыс көрінісін тамашалады. Бұдан соң Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.