Аймақ

Басты саланың басым бағыттары

Басты саланың басым бағыттары

ЖУРНАЛИСТЕР ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ   Тілшілер қауымы үшін кезекті баспасөз-туры. Бұл жолы журналистер аймақтағы ауыл шаруашылығы саласында ісін дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтарына барып, жұмысымен танысты. Пресс-тур Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округінде «Ауыл аманты» жобасы аясында шаруасын ширатып отырған «Жетітөбе-2022» кооперативінен басталды.2022 жылы құрылған кооператив құны 135 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын алған. Бұдан кейін Тасбастау ауылында14 бас сауынды сиыр сауып отырған,жеке кәсіпкер Рақымжан Әбдікәрімовтың қожалығына ат басын бұрды.Қожалық «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5,6 млн теңгеге сиыр алған.Сатып алған 14 бас сиырдан қазіргі таңда күніне 140 литр сүт сауып отыр.Сүтін «Бурное ірімшік» зауытына өткізуде. Сондай-ақ, Боралдай ауылдық округіне қарасты Ертай ауылында орналасқан “Береке” шаруа қожалығына барды.Досат Дүйсебеков 1998 жылы құрған  шаруашылық 2022 жылы 15 млн. теңгеге Ресей Федерациясынан 20 бас сиыр әкелген. Қазіргі уақытта күніне 300 литр сүт сауып, «Бурное ірімшік» зауыты ЖШС-не өткізуде. Келесі нысан - Қайрат ауылында ісін дөңгелетіп отырған «Бақдаулет» ӘКК болды. Сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорын табиғи ірімшік, сары май, құрт, сұранысқа сәйкес ірімшік өндіруде. Қуаттылығы 2 тоннаны құраса, тәулігіне 1 тонна сүт қабылдауда. Мұнда 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал Бауыржан Момышұлы аулында Бектұрған Қансейтовтің бастамасымен құрылған “Рауан” шаруа қожалығы бар. Шаруашылықта 6 дана трактор, 3 дана астық комбайны, 2 дана мал азықтық комбайн бар. Мал шаруашылығымен айналысып, 50 бас жылқы өсіріп отырған қожалық биылғы жылы Павлодар облысынан 53 бас асыл тұқымды «Герефорд» бұқашықтарын сатып әкелген.