🇰🇿 Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді
✔️ 2025 жылғы 30 сәуірде ҚР Оқу-ағарту министрлігі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болғысы келетін азаматтар үшін міндетті оқытуды енгізетін бұйрық шығарды. Оқу курсын аяқтағаннан кейін, тәлімгерге біліктілігін растайтын сертификат беріледі.