АЛМАТЫДАҒЫ ДӘРІГЕРЛЕР АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН МАЛАЙЗИЯЛЫҚТЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына мойнынан төмен қарай қимыл мен сезімталдықтың толық бұзылуымен, ауыр жарақат алған пациент - Малайзия азаматы шұғыл түсті. Диагноз: тетраплегия. Қабылдау бөлмесінен ол дереу реанимацияға жіберілді, содан кейін шұғыл операция жасалды.