Кең даланың ырысын еселеген комбайншы
Данышпан Абай атамыз «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп бекер айтпаса керек. Бейнет жолын белшесінен кешіп жүрген еңбек адамдарын әр ауылдан кездестіруге болады. Солардың бірі – Жаңақоғам ауылдық округі, Көктөбе ауылының тұрғыны, комбайншы Қанат Сұлтанбаев.