🎭 ӨЗБЕКСТАНДА «ХАН СҰЛТАН. АЛТЫН ОРДА» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұсынған «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Қойылым Орталық Азия аймағының мәдени өміріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды.


