Үкімет басшысы әкімдіктерге елді мекендердегі бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргінші жолдарының санын көбейтуді тапсырды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік мәселелері қаралды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Көлік министрі Марат Қарабаев өз саласы бойынша, бірқатар облыс әкімдері өңірлердегі ағымдағы ахуал туралы баяндама жасады.