Пилоттық жоба - іс жүзінде
Аталған жоба аясында тындырымды тірлік атқарып, шаруаларын ширатып отырған Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Ынтымақ ауылдық округі.Ауыл халқының тұрмысын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша округте 105 азамат, жалпы құны 751 млн. 690 мың теңге несие алу жоспарланған.
Жобаның 1 бағыты бойынша «Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану».Округтегі 248 аула (жер көлемі 25 га), яғни 74% қамтылады. Аталған бағыт бойынша жалпы 499 мың теңге қаражат кооперативтің атына түсіп, 570 дана алма көшетін игеру жоспарланып отыр. Айналым қаражатына кепілдікке жеке тұрғын үй қойылады.
Жобаның 2 бағыты «Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану» бойынша 90 азамат 510 млн. теңгеге 3077 бас әр түрлі мал сатып алу жоспарланған.
Бүгінгі күнге, нақты 124 азаматтың құжаттары «Тараз» ӘКК-ға өткізіліп. Қазіргі таңда 102 азаматтың құжаттары мақұлданып, 83 адамның есеп шотына 536 699 000 теңге қаражат аударылды. Сондай-ақ Ынтымақ ауылдық округі бойынша 98 бас МІҚ, 1006 бас қой, 147 бас жылқы, 20 бас бұқашық, барлығы 1 271 бас мал сатып алынды.
Облыс және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, несие алушылар аударылған қаражатқа, мал алу бойынша Түркістан облысына барып, мал сатып алу үшін келісім жүргізуде.
Жобаның 3 бағыты «Тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалану».Бұл бағытта жалпы жер үлестерімен біріктірілген 2000 гектар жер, оның 636 гектары егістік, 154 гектары шабындық және 1210 гектары жайылым. Егістік жерлерге бидай, арпа, мақсары, көпжылдық шөп, жүгері дақылдарын егу жоспарлануда. Аталған бағыт бойынша айналым қаражатына 14 млн. 500 мың теңге кооперативтің есеп шотына түсіп, 76 га жер жыртылып, күздік бидай жерлері дайындалуда. Айналым қаражатына кепілдікке астық қоймасы және мал бордақылау алаңы мен шопан үйі қойылады.
Жобаның 4 бағыты «Кооперативтерді жабдықтау және құру» бойынша азамат Рахымбек Карибаев «К-Байден» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, Әділет басқармасына тіркелді. Жалпы сомасы 100 млн. 400 мың теңгені құрайтын 5 дана ауыл шаруашылығы техникаларына өтінім берілді.
Жобаның 5 бағыты «Тұрғындардың жеке кәсібін ашу» бойынша 11 жоба жоспарланған болса, қаражаттың банк жүйесінде екінші тұлғаға аударғанда қиындықтар туындауына байланысты, 1 жоба іске асырылатын болады. Жоба құны 4 млн. 500 мың теңге.
Ынтымақ ауылдық округі бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасына дейін 56 кәсіпкер болса, бүгінгі күні 124-і тіркеліп, жалпы саны 177 кәсіпкер болып отыр.
Бұдан бөлек, Ынтымақ ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту бойынша біраз жұмыстар атқарып отыр. Биылғы жылға «Бірлік» шаруа қожалығы – жетекшісі Руслан Ақылбеков трактор МТЗ 892 соқа, пресімен 20,3 млн. теңгеге алды. «Гулнар» шаруа қожалығы жетекшісі Абдрасіл Айтимбетов – трактор МТЗ 892 соқа, Кун-10, рулон пресімен 20 млн. теңгеге алды. Сонымен қатар жеңілдетілген дизель отынын егін орағы мен егін егу жұмыстарына 11 шаруа қожалығы 60 тонна дизель отынын алып пайдаланды.
Келесі мақала