Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ӨҢІРДЕ ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 52,2%-ҒА АЗАЙДЫ

ӨҢІРДЕ ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 52,2%-ҒА АЗАЙДЫ
ашық
Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүргізілген кешенді жұмыстар өз нәтижесін беруде. Соның айқын дәлелі – отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың 52,2 пайызға төмендеуі. Бұл көрсеткіш құқық қорғау органдары мен қоғамның бірлескен жұмысының тиімділігін көрсетеді.

2026 жылдың «Балалар жылы» деп жариялануына байланысты жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән берілуде. Осы бағытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп, балаларға қатысты қылмыстар саны 17,9 пайызға азайды. Бүгінде 531 мектеп пен 42 колледжге 700-ден астам полиция қызметкері бекітіліп, профилактикалық шаралар күшейтілді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық есепке 188 жасөспірім және бала тәрбиесіне салғырт қарайтын 105 ата-ана алынды. Сонымен қатар, 11 кәмелетке толмаған арнайы білім беру ұйымдарына жолданып, 26 тұлға ата-ана құқықтарынан айырылды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың 69 отырысы өткізіліп, қазіргі таңда 309 қолайсыз отбасы мен 409 жасөспірім бақылауға алынған.

Рейдтік іс-шаралар барысында ішкі істер органдарына 3615 кәмелетке толмаған жеткізіліп, 3581 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 3148 дерек – түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені үшін тіркелсе, 443 дерек ата-аналардың тәрбиелік міндеттерін орындамауына қатысты. Сонымен қатар, 115 дерек ойын-сауық орындарында болуына жол беру, 90 дерек ұсақ бұзақылық, 23 дерек алкоголь тұтыну және 20 дерек буллинг пен кибербуллинг фактілері бойынша анықталды.

Жүргізілген талдау кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың негізгі себептерін де айқындады. Олардың қатарында ата-ана бақылауының жеткіліксіздігі, қараусыз қалу, асоциалды ортаның әсері, бейресми көшбасшылар ықпалы, әлеуметтік желілер арқылы теріс ақпараттың таралуы, тұрмыстық жанжалдар мен отбасылардың материалдық жағдайының төмендігі бар.

Осыған байланысты кешенді профилактикалық шаралар қолға алынуда. Білім беру ұйымдарында 2787 дәріс өткізіліп, халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық буклеттер мен брошюралар таратылып, интернет-ресурстарда 771 бейнеролик жарияланды. «Тәуекел тобындағы» жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жеке жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар