Жаңалықтар
Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды
- author Zhambylokq
- 24 қазан, 2023
- 89

Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды
Республика күніне орай аймақта жаңа нысандар ашылып жатыр. Соның бірі Жамбыл ауданы, Гродеково ауылында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды.
Жамбыл ауданы бойынша 174 спорттық нысан болса, соның жалғасы ретінде бүгін ашылған заманауи үлгідегі, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген спорт кешені ел игілігіне қызмет ететін болады.
Республикалық бюджеттен 320 млн 798 мың теңге қаржы қарастырылып, бас мердігер «Жаңа-Кемер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, тұрғызған спорттық сауықтыру кешенінде 150 ден аса ауыл тұрғындары спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады.
Келесі мақала
Қордайда 100 отбасы баспаналы болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ «JIBEK JOLY» АЭА АРҚЫЛЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ҚАДАМ БАСУДА
- авторZhambylokq
- 13 тамыз, 2025