Жаңалықтар
2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг
- author Zhambylokq
- 2 қараша, 2023
- 45

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің негізгі екі бағыты эпидемиологиялық, санитариялық-гигиеналық бақылау және мониторинг жүргізу арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Жамбыл облысының аумағында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалары жүзеге асырады: Тараз қаласы бойынша бір қалалық басқарма және 10 аудандық басқармалар.
Біздің саламыздағы мемлекеттік бақылау және қадағалау нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.
Біздің саламыздағы мемлекеттік бақылау және қадағалауға жататын объектілер (эпидемиологиялық маңызы бар объектілер) екі топқа бөлінеді:
1) эпидемиялық маңызы жоғары объектілер;
2) эпидемиялық маңызы елеусіз объектілер.
Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес Департамент мамандары тексерулерге мониторинг жүргізеді, ведомстволық есептілік жасалынады. 2023 жылға 400 нысанды біліктілік талаптарына тексеру жоспарлануда.
2023 жылдың 9 айында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі барлығы 209 тексеру жүргізді (104 – біліктілік талаптарына сәйкестігі және 105 – жоспардан тыс тексерулер).
Барлығы 158 бұзушылық анықталды.
2023 жылдың өткен кезеңінде санитариялық нормалар мен ережелерді бұзудың анықталған фактілері бойынша 223 айыппұл салынды.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер жоспарын орындау бойынша 2023 жылдың 9 айына 324802 зерттеу жоспарланған, 100% орындалды. Жұмыстың негізгі бөлімдерінің бірі жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштеріне уақтылы ден қою болып табылады. Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен оның аумақтық басқармаларына 2023 жылдың 9 ай бойынша 318 өтініш түсті, оның ішінде – 61 заңды тұлғадан, 257 жеке тұлғадан.
Қабылданған шешімге өтініш берушілерден шағым түскен жоқ.
2023 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 1248 (2022 жылы-584) өтініш келіп түсті. Ауыз судың сапасын бақылау мониторингі. 2023 жылдың 9 айында сумен жабдықтау көздерінен су құбыры суының сынамалары микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 42 878 зерттеулер жүргізілді, оның ішінде 409 немесе 1,0% сәйкес келмейді. Департамент тұрақты негізде атмосфералық ауаны бақылайды. Департаменттің бақылауында атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар 236 объект бар, барлық көздерден атмосфералық ауаға 27 ластаушы заттар шығарылады, оның 9-ы 1-2 қауіптілік класындағы заттар.
Атмосфералық ауа сынамаларын алу Тараз қаласы мен облыстың барлық аудан орталықтарының басты көшелерінде жүргізілуде.
Қаланың және елді мекендердің атмосфералық ауасының ластануына жол бермеу мақсатында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Радиациялық жағдайдың жай-күйіне мониторинг жүргізу. 2023 жылдың 9 айында облыс бойынша 6 объектіде иондаушы сәулеленудің 240 көзі пайдаланылды. Иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын объектілерде 881 персонал жұмыс істейді.
Департаменттің аумақтық басқармалары мониторинг шеңберінде жұмыс орындарына дозиметриялық бақылау жүргізеді және тамақ өнімдерінде, ауыз суда, жұмыс аймағының ауасында, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда радионуклидтерді анықтайды. Азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігін бақылау. Қазіргі уақытта азық-түлікке биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау туралы заңнаманың сақталуын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізіледі. Санитариялық қағида талаптарына сәйкес келмейтін білім беру объектілері бойынша. 2023 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 1688 (2021 жылы – 1578) балалар мен жасөспірімдер объектілері облыстың бақылауында. Жергілікті атқарушы органдармен, білім басқармасымен бірігіп, санитариялық қағида талаптарына сай келмейтін объектілердің санын азайту бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.
Апатты, үш ауысымды және қайта тығыздалған мектептерді пайдалану мәселесі өзекті болып қала береді. Облыс аумағында 3 апатты мектеп бар. Облыстың төрт мектебінде 3 ауысымда балаларды оқыту жүргізіледі. Тамақтан улануды бақылау. Тамақтан уланудың алдын алу қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша 2023 жылдың 9 айында «Ботулизм» диагнозымен өтетін тағамнан уланудың 2 жағдайы тіркелді, қаза болғандары жоқ. Бұл жағдайларда улану тұрмыстық жағдайда болған. Үй жағдайында дайындалған көкөніс салаттарын (баклажан салаты, маринадталған қияр салаты) тұтынумен байланысты болған.
Сондай-ақ, 19 зардап шегушімен қоғамдық тамақтану объектілерімен байланысты жіті ішек инфекциясы диагнозымен өтетін тамақтан уланудың 2 жағдайы тіркелді.
Келесі мақала