Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру аса маңызды

Мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру аса маңызды
ашық дереккөзі
Мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру аса маңызды
Бүгін аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев «АСАР» Жамбыл облысының мүгедектер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Руслан Тулегенов, Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ төрайымы Әйгерім Дәулетбаевамен кездесті. Кездесуде ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Нақтырақ айтқанда, ғимараттардың мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, «Мамыр» саябағына жете көңіл бөлу, жаңа нысандардың заман талабына сай болуы, «инватакси» жобасына қолдау білдіруді жалғастыру, мектеп жасындағы ерекше қажеттілігі бар балалардың ҰБТ тапсыруына жағдай жасау, олардың грантқа түсу мәселесі, тұрғын үй кезегі бойынша жеңілдіктер қарастыруға қатысты ұсыныстар айтылды. Барлық мәселе заң аясында тиісті органдармен жан-жақты қаралатын болады. Бүгінде мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуге, олардың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген. Кездесу соңында Ербол Шырақпайұлы жергілікті билік те бұл тұрғыдағы шараларды белсенді жалғастыруға, нығайтуға күш салатын болады,-деп қорытындылады.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар