Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылысы басқармасының 2023 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылысы басқармасының 2023 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылысы басқармасының 2023 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары
Басқармамен 2023 жылы облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 712 нысан бар. Оның 279-і мемлекеттік бюджет есебінен (2022 жылдан өтпелі - 108, жаңа - 171), ал қалған 433-і инвесторлардың жеке қаражаты есебінен. Биылғы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы 604 хабарлама келіп түсіп (171 мемлекеттік, 433 жекеменшік), барлығы толықтай қабылданды. 2023 жылы 126 құрылыс объектілеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 65 нұсқама берілді.201 әкімшілік іс қозғалып, 128 тапсырыс беруші, 41 мердігер мекеме, 4 жобалаушы, 21 техникалық қадағалаушы, 7 авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл соммасы 54 934 380 теңгені құрады. 20 құрылыс нысандарының құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген 16 мердігер мекемелер Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 312 бабының 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Техникалық қадағалаушылардың жұмысына байланысты: Бюджет есебінен 279 нысандар бойынша техникалық қадағалаушылар тарапынан 267-нің ай сайынғы есептері Басқармаға уақытылы ұсынылуда, 12-сі есептерін тапсырмаған  (8-і тоқтап тұр, тапсырмаған үшін 4-не шара қолданылды). Пайдалануға қабылдау актілері бойынша жалпы 422 акті келіп түсті. Оның 294 оң қорытынды (73 мемлекеттік, 221 жеке меншік),128 теріс қорытынды берілді (34 мемлекеттік, 94 жеке меншік). Облыс басшылығымен құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету мақсатында алгоритм бекітілген болатын. Алгоритмді орындау мақсатында басқармамен Тараз қаласы және аудандарға шыға отырып, сол аймақтардағы құрылыс нысанының жауапты тұлғаларының қатысуымен 50 профилактикалық жиындар, оның ішінде тапсырыс беруші басқармалардың сұранысымен 6 жиын өткізілді. Құрылыс нысандарының  жай-күйін зерделеп (мониторинг) отыру жұмыстары да ерекше бақылауға алынуда. Тапсырыс берушілер мен басқарма мамандары бірлесе отырып облыс бойынша барлығы 176 нысанға профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына (тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға) ескертілді. Бұл жұмыстар кезегімен барлық аудандарда және Тараз қаласында жыл бойына жүргізілетін болады. 2023 жылдың бүгінгі күніне 13  лицензия берілді (2022ж.-42). Атап айтқанда: Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 7 лицензия берілді (2022ж.-27). Оның ішінде, І санат – 4, ІІ-санат –1, ІІІ санат – 2. Жобалау қызметі бойынша 5 лицензия берілді, Оның ішінде, І санат –1, ІІ-санат-3, ІІІ санат-1. Іздестіру жұмыстары бойынша 1  лицензия берілді. 2023 жылы инжинирингтік қызметтермен айналысатын сарапшыларға 76 аттестат берілді. Оның ішінде, техникалық қадағалаушы-65, техникалық зерттеп қарау сарапшысы-                           2, жобалау жұмыстарының сарапшысы-3 және авторлық қадағалаушы-6. 2023 жылы облыс әкімі тарапынан 7 хаттамалық тапсырма берілген. Оның ішінде 4 хаттамалық тапсырманың орындалуы бақылаудан алынды, 3 тапсырма орындалу үстінде. 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін 316 өтініш түскен. 185 өтініш қаралды, 113 өтініш құзіреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды, 18 өтініш қаралу үстінде. Басқарма басшысымен 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін 9 жеке қабылдау жүргізіліп, 23 азамат қабылдауда болып, өтініштеріне тиісті түсініктемелер берілді. Облыс көлеміндегі басқарманың атқарып жатқан жұмыстар туралы ақпараттардың қалың оқырманның назарына жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында, басқарманың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ, телеарналарда және басылымдарда жарияланып тұрады. Нақты айтқанда, республикалық және облыстық телеарналарда 11 бейне сюжет, әлеуметік желілерде 115 ақпарат және мерзімді баспа басылымдарында 4 мақала, ақпараттық агенттікте 3 ақпарат жарияланды.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар