Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қошқарата ауылдық округінде 2023 жылғы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштері

Қошқарата ауылдық округінде 2023 жылғы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Қошқарата ауылдық округінде 2023 жылғы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштері
Қошқарата ауылдық округі аудан орталығынан - 62 шақырым қашықтықта орналасқан. Округтің аумағы 21 742,94 га құрайды. Ауылдық округте үш елді мекен орналасқан: Қызтоған, Ақтасты, Қошқарата ауылдары.Округ бойынша  тұрғындар саны1596.Округте 35 шаруа қожалық иелігіне 15 842 уақ малы тіркеп, субсидия алып отыр.   КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ   Округ бойынша  егістік жер көлемі – 8719,84 га, жайылымдық жер көлемі – 7941 га құрайды. 2023 жылы 160 тонна минералды тыңайтқыштар алынды. Қысқы маусымға 13754 тонна пішен, 1538 тонна жем, 4178 тонна сабан мал азығы дайындау жұмыстары жүргізілді.   АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ЖОЛДАР ТУРАЛЫ   Ауылдық округте облыстық мәндегі 22 км 100 метр жол бар, ауыл ішілік 12 км 950 метр жол болса, асфалт жол 8 км 450 м, тас жол 2 км 200 метр, топырақ 2 км 300м.   ЖАРЫҚТАНДЫРУ             Елді мекендерде барлығы 6 дана трансформатор болса, жарық қуаттылығының төмендігіне байланысты Ақтасты ауылына 100 кв/а 1 трансформатор, Қошқарата ауыылы Б.Үсенов көшесіне / 250кв/а 1 трансформатор қойылды. Ауыл аралық 26 бағана және көшелердегі 51 дана бағана ауыстыруды қажет етілуде.Электр бағаналары және сымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тал дарақтарды кесу жұмыстары аудандық электр желілері тарату мекемесі тарапынан жүргізілді. Округке қарасты 9 көшенің 8 көшесінде барлығы 255 жаңа диодты шамдар орнатылған, жалпы жарықтану пайызы 88,8% құрайды. АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША   Қошқарата ауылына ауыз су жүйесі 2021 жылы пайданалуға берілген, қазіргі уақытта елді мекендегі 182 ауланың 169 аула үйіне кіргізіліп ауыз су пайдаанып отыр. Ақтасты ауылына 2022 жылы таза ауыз су құбыры тартылып, халық игілігі үшін пайдалануға берілді. 2023 жылы Қызтоған ауылына таза ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы сомасы 35 млн тг құрайды.Бүгінгі таңда Қызтоған ауылындағы 27 аула, 2 мемлекеттік мекемелердің ауласына ауыз су кіргізілді. Қызтоған, Ақтасты ауылдары көгілдір отынмен толықтай қамтылды. 2023 жылы Қошқарата ауылына көгілдір отынды жеткізу жұмыстары жүргізілді, жалпы сомасы 51 млн тг құрайды. Бүгінгі таңда үйді үйге кіргізу жұмыстары жүргізілуде. АСАР ЖОБАСЫ   2023 жылы «Асар» жобасы аясында Қызтоған ауылына 1 жас отбасы көшіріліп әкелінді ауыл тұрғындарының тарапынан 3 бас сиыр, 10 бас қой ұйымдастырылып берілді. 2023 жылы Қошқарата ауылына шағын футбол алаңшасы салынды, жалпы сомасы 10 млн тг құрайды. Алдағы күндері ауыл жастарының қолданысына берілмек.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар