Жаңалықтар
Жамбылда түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды
- author Zhambylokq
- 6 қараша, 2023
- 43
Жамбылда түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың сәуір айында Жамбыл облыстық Дін проблемаларын зерттеу орталығының тапсырысымен «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.
Жобаның мақсаты арнайы дінтанушы мамандарды тарта отырып, Тараз қаласы аумағындағы түзету мекемелірінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында оңалту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жоба аясында Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұсынысымен Жамбыл облысының 10 дінтанушы маманы жұмысқа тартылып, ай сайын түзету мекемелерінде әр маман аптасына 1 рет, айына 4 рет, 6 айда 24 рет жеке және топтық кездесулер ұйымдастырды. Сонымен қатар Республикаға танымен 6 лектор шақырылып, түзету мекемелірінде семинарлар өткізілді.