Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанда QR–код арқылы көрсетілген медициналық қызметті растау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Қазақстанда QR–код арқылы көрсетілген медициналық қызметті растау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда QR–код арқылы көрсетілген медициналық қызметті растау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Дәрігерге бару фактісін растау үшін қолданылатын QR растауы пациент пен денсаулық сақтау маманының арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды орнату шеңберінде қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Пациент  емханаға egov mobile мобилдік қосымшасының көмегімен келіп, дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлейді және оның келгенін растайды. Сондай-ақ QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен - емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көре алады. Азаматтың медициналық қызметті алу фактісін растаудың цифрлық құралы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің қанағаттанушылығын бағалауға және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі «тіркеулерді»  алып тастауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, медициналық мекемелердің өздері бұл жүйені медициналық көмектің сапасын бақылау және келулерді бақылау үшін қолдана алады. Пилоттық жобаны енгізуге дайындық барысында QR-растау бойынша алдын ала сауалнама нәтижелері ескерілді. Сауалнамаға 1105 пациент және 2732 дәрігер қатысты. Сауалнаманы талдау нәтижелері бойынша пациенттердің 50%-ы дәрігерге баруды растау үшін QR кодты енгізу идеясына оң көзқараспен қарайды және 48%-ы QR-растау арқылы қабылдауларын бақылағысы келеді, бұл пациенттердің оң көзқарасы мен жаңа құралды енгізуге дайындығын көрсетеді.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар