Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary»

«Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary»
ашық дереккөзі
«Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary»
  «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі 2022 жылы маусым айында ресми тіркеуден өтіп, өз жұмысын бастады. Бірлестіктің 10 (он) құрылтайшысы бар, олар «Халық Қаһарманы» және «Еібек Ері» жоғары атағымен марапатталған елімізге танымал азаматтар (аты-жөндері қосымшада – 1 бет). Қоғамдық Бірлестіктің алға қойған мақсаттарының бірі, еліміздің жас жеткіншектеріне рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығының дәстүрін жалғастыру, жалпыұлттық іс-әрекеттті және күш жігерді біріктіріп, мемлект пен қоғамның өзара сеніміне негізделген саяси мәдениетті қалыптастыруға қолдау көрсету. Еліміз Тәуелсіздік алғалы уақыттан, бүгінгі күнге дейін «Халық Қаһарманы» атағын алған тұлғалардың саны: 36 (отыз алты), ал «Еңбек Ері» атағын алған тұлғалар саны: 51 (елу бір). Барлығы: 87 (сексен жеті) тұлға. Қазіргі кезде, «Халық Қаһарманы» атағы бар 11 (он бір), ал «Еңбек Ері» атағы бар 37 (отыз жеті) адам ортамызда өмір сүріп жатыр. Бұл дегеніміз, Қазақстан бойынша 48 (қырық сегіз) Батыр бар.   Біздің Бірлестікке, Батырлардан басқа, Бірлестіктің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға үлес қосуға қабілетті Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қоғамдық Бірлестіктің мүшелері бола алады.   Қазіргі уақытта алға қойған жоспарлардың бірі, Батырларды ел арасында, әсіресе жас буын өкілдерінің арасында насихаттау. Олардың өткен еңбек жолдары, жеткен жетістіктері жайлы және елімізге атқарған (атқарып) жатқан жұмыстары туралы ақпарат тарату. Осы іс-шараларды жүзеге асыруда, салалық Министірліктер және облыс Әкімдіктері өз үлестерін қосса деген үміттеміз. Бүгінгі таңда, Бірлестіктің 9 (тоғыз) Филиалы ресми тіркеуден өтті (қай аймақтарда тіркелгені туралы мәлімет қосымшада 1-бетте). Үстіміздегі жылдың маусым айында Президенттің қабылдауында болған кезде, Бірлестіктің жоспарлары туралы баяндаған болатынмын. Қ.К.Тоқаевқа, төмендегідей ұсыныстар жобасының қарастырылып, Бірлестіктің 2-ші Конференциясында талқыланып, Үкіметке ұсынылатыны жайлы айтқанмын. Өз жағынан, Президентіміз  қолға алып жатқан бастамаларымыздың жобаларын  қолдайтыны жайлы пікір білдірген болатын.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар