Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тұрғын үй құрылыс жұмыстары саласында атқарылып жатқан жұмыстар

Тұрғын үй құрылыс жұмыстары саласында атқарылып жатқан жұмыстар
ашық дереккөзі
Тұрғын үй құрылыс жұмыстары саласында атқарылып жатқан жұмыстар
2023 жылы тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде құны  15,4 млрд.теңгеге (О.і. 11,7 млрд.тг. құнды қағаз, 3,5 млрд.тг. ОБ арендалық үй, Пилот-0,2 млрд.тг.) 3 929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің (323,1 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Тараз қаласында: - 3 073 пәтерлі 59 кредиттік тұрғын үй (құнды қағаз есебінен). Оның ішінде: 15 мөлтек ауданында - 2 353 пәтерлі 43 үй (О.і. 2022 жылдан өтпелі 1 948 пәтерлі 34 кредиттік тұрғын үй құрылысына 2020-2022 жылдары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 15,3 млрд.тг қаржы бөлінді. 2023 жылы 3,7 млрд.тг. (1 шм құны 160 мың тг.). Жаңа 405 пәтерлі 9 үйге «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде (1 шаршы метр құны 226 110 мың тг.) 2023 жылға 5,6 млрд.тг бөлінді. 2024 жылға 3,3 млрд.тг. ); Асқарова алқабында - 720 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы. («Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде 1 шаршы метр құны 226 110 мың тг. 2023 жылы 2,4 млрд.тг қаражат бөлінді. 2024 жылға 9,8 млрд.тг.); - 15 м.а. 60 пәтерлі 1 пилоттық жоба.(2022 жылы «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде республикалық бюджеттен 576,0 млн.тг. қаражат бөлінді (1 пәтерге 9,6 млн.тг.). Облыстық бюджеттен 2022 жылы 5,0 млн. тг. 2023 жылы 180,2 млн.тг қаражат бөлінді. Келісім шарт құны - 761,1 млн.тг. 1 шаршы метрі 186,7 мың тг.); - 15 м.а. 240 пәтерлі 4 арендалық тұрғын үй. («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 2021 жылы 295,7 млн.тг, 2022 жылы 1,3 млрд.тг. бөлінді (1 шм 140 мың тг.)); Байзақ ауданында 60 пәтерлі 4 арендалық үй.(2023 жылы облыстық бюджет есебінен 2,5 млрд.тг қаржы бөлінді (1 шм. 201,5 мың тг)); Қордай ауданында 60 пәтерлі 2 үй. («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 2021 жылы 508,7 млн.тг, 2022 жылы 371,0 млн.тг. бөлінді (1 шм 140 мың тг.)). Проблемалық нысан 2024 жылға өтпелі. Талас ауданы, Қаратау қаласы – 44 пәтерлі 2 үйді қайта жаңғырту. (2023 жылы облыстық бюджет есебінен 603,0 млн.тг қаржы бөлінді (1 шм. 94,9 мың тг)); Сарысу ауданы, Жанатас қ. – 90 пәтерлі 1 үйді қайта жаңғырту. (2023 жылы облыстық бюджет есебінен 159,5 млн.тг қаржы бөлінді (1 шм. 120,0 мың тг)). Ағымдағы жылы бөлінген 378,7 млн.тг. қаражаты қазан айындағы нақтылауда 2024 жылға ауыстырылды;) Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында – 18 пәтерлі 1 үй. (2023 жылы облыстық бюджет есебінен 271,8 млн.тг қаржы бөлінді (1 шм. 241,3 мың тг)); Жыл қорытындысымен 2 514 пәтерлі 45 тұрғын үйдің (181,8 мың ш.м.) құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Атап айтсақ 1 868 пәтерлі 33 кредиттік үй, 346 пәтерлі  7 арендалық үй және 60 пәтерлі 1 пилоттық жоба. Атап айтсақ: Тараз қаласы 15 мөлтек ауданында - 1 868 пәтерлі 33 кредиттік тұрғын үй; - 60 пәтерлі 1 пилоттық жоба; - 240 пәтерлі 4 арендалық тұрғын үй. Байзақ ауданында – 240 пәтерлі 4 тұрғын үй; Талас ауданы, Қаратау қаласы – 44 пәтерлі 2 үй; Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында – 18 пәтерлі 1 үй. Сонымен қатар, халықтын әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында ағымдағы жылға 797 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 7,6 млрд.теңге қаржы бөлінді. (1 пәтер 9,6 млн.тг.): Тараз – 1,9 млрд.тг. 200 пәтер (Облыстық бюджеттен қосымша 50 пәтерге 150,0 млн.тг қаржы бөлінді (3 бөлмелі пәтерді 12,6 млн.тг сатып алу үшін)); Талас – 2,5 млрд.тг. 256 пәтер; Сарысу – 1,5 млрд.тг. 161 пәтер; Қордай - 0,576 млрд.тг. 60 пәтер; Меркі -  0,576 млрд.тг. 60 пәтер; Шу – 0,576 млрд.тг. 60 пәтер. Бұдан бөлек, жеке меншік инвестиция есебінен    594 пәтерлі 14 көп қабатты (жалпы ауданы 48,6 мың м2) тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, мемлекеттік бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен жалпы 698,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру міндетте тұр (былтырғы кезеңмен салыстырғанда 0,7%-ға асыра орындау. 10 айдың қорытындысымен бюджет қаражаты есебінен  579 пәтерлі 10 тұрғын үйдің Тараз қаласында 561 пәтерлі 9 кредиттік үй, Жуалы ауданында 18 пәтерлі 1 арендалық үй) және жеке меншік инвестиция есебінен 474 пәтерлі 11 үйдің құрылысы аяқталды. Жалпы бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен 557,7 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,2%-ға асыра орындалды.  Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы Ағымдағы жылы жер кезегіндегі азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 14 жаңа алқапта 20  инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,4 млрд.тг. қаражат бөлінді. Жыл қорытындысымен 2 жаңа алқапта Жамбыл ауданы, Аса ауылында 811 жер телімі, Жаңатас қаласы Құрылысшы алқабында 58 жер телімін (жалпы 869 жер телімін) таратуға дайындау жоспарлануда. 6 алқап 2024-2025 жылдары таратуға дайындалады (Тараз қ. 2 алқап Асқаров, Хамукат; Меркі ауданында 4 алқап Ақтоған, Мыңқазан алқабы, 32/77га және Тескентоған). Қалған 6 алқап 2021-2022 жылдары таратылған алқаптар (Тараз қ. Қарасу-құмшағал; Жамбыл а. Айша-бибі алқабы; Мерке а. Тұрлыбай батыр алқабы; Шу ауданында Алға алқабы, 258,7 га алқабы; Сарысу ауданы 4-5 м.а. алқабы). «Асарлатып үй салу» жобасы Өздеріңізге белгілі облыс аумағында тәрбиелік мәні бар «Асарлатып үй салу» жобасы басталған болатын. Бұл игі істің мақсаты әлеуметтік осал топтағы және көп балалы отбасыларды баспанамен қамту. «Асар» жобасы басталғалы асарлатқан ағайынның көмегімен 338 мұқтаж отбасы баспаналы болса, биыл   105 отбасына қуаныш сыйласақ деген ниетіміз бар. Бүгінгі күнге, 49 жанұя баспаналы болды. Қалған 56 үйдің құрылысын жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда. «Асар» жобасы бойынша көмек көрсетілетін мұқтаж жанұя тізімін ауылдық округ әкімдігі және ауылда төрағалық ететін ақсақалдар кеңесі арқылы анықталады.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар