Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар

Білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар
ашық дереккөзі
Білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлының қатысуымен баспасөз конференциясы  өтті. «Білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы» өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Брифинг барысында мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, материалдық техникалық базаның нығайуы, облыс оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие бағыты, білім саласындағы жетістіктер мен жаңашылдықтар туралы айтылды. Жалпы облыста 1134 (586 - мектепке дейінгі ұйымдар, 446 - мемлекеттік мектептер, 49 - жекеменшік мектептер, 3 – кешкі мектеп, 5 – арнайы мектеп-интернаттар, 45 – техникалық және кәсіптік мекемелер) білім мекемелері жұмыс жасауда. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту басты назарда. Облыста 586 мектепке дейінгі ұйымдарда 60456 бала қамтылған. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған 2-6 жастағы балалардың үлесі - 94,2% , 3-6 жастағы балалардың үлесі - 100%. Өңірде үш ауысымды, оқушы орын тапшылығы бар және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында ағымдағы жылы 11500 орындық 28 нысанның құрылдысына бюджеттен 28 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектептің құрылысы жүргізілуде (Байзақ ауданы 600 орындық 1 мектеп, Қордай ауданында 600 орындық 2 мектеп, Тараз қаласында 5000 орындық 4 мектеп). Нәтижесінде, оқушы орын тапшылығы бар 12 мектеп, үш ауысымды оқытатын 4 мектеп, 2 апатты мектеп және 5 тозығы жеткен мектептердің мәселесі шешілуде. Оқу жылының басында 3 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 мектеп пайдалануға беріледі. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі үнемі назарда. Осы мақсатта қауіпсіздікті қамтамысыз ету үшін 1,8 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, 238 білім беру ұйымы жедел басқару орталығына интеграцияланды (92,6%), 257-сі дабыл түймесімен жабдықталды (100%). Сондай-ақ, 151-і мамандандырылған күзетпен (100%), оның 149-ы (98,6%) турникетпен қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар