Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі

Мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі
ашық дереккөзі
Мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі
Қазақстан "Ұлттық мектеп асханасы" жобасы аясында мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізбек. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі.  Бұл туралы  Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты. Бішкекте ТМД елдерінің "Мектептегі тамақтану – жалпы дамудың бағыты" тақырыбында бірінші халықаралық форум өтті. Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, өңірлерде шығарылған отандық өнімдерді пайдалана отырып, мектеп тамақтануына ұлттық тағамдарды енгізу – балалар денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамдардың бірі. Осы мақсатта министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде "Ұлттық мектеп асханасы" пилоттық жобасын жүзеге асыруда.
"Мектептің кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. "Ұлттық мектеп асханасы" жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі", - деді Наталья Жұмаділдаева.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айынан бері 1,6 миллионнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 1,4 миллион бала 1-4 сынып оқушылары және 200 мыңнан астамы әлеуметтік осал топ санатындағы 5-11 сынып оқушылары.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар