Брифинг
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы
- author Zhambylokq
- 30 қараша, 2023
- 72
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы
2023 жылы Жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында 65 722 жұмыс орны құрылып, жалпы жоспар 96,7 пайызға орындалды.
Жыл басынан бері облыс бойынша 62 274 адам жұмысқа орналастырылып, жылдық (62936 орын) жоспар 99,0%-ға орындалды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 15 084 адам орналасып, бекітілген жоспар 111,8%-ға орындалып отыр (жоспар – 13496 орын). Жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға жұмыс берушінің сұранысы бойынша жыл басынан 971 адам жолданды. Ел Президентіміздің 2022 жылғы 1-қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, ағымдағы жылы жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беруге облыс бойынша 379 үміткерге 1735,0 млн.теңге қаржы берілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан қосымша 100 адамға 500,0 млн.теңге бөлінді (барлығы 447 адамға 2235,0 млн. теңге).
2023 жылыкәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1044 адам 1440,4 млн.теңге грант алды (оның ішінде: көпбалалылар - 555 – 53,2%, мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 258 – 24,7%, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 133 – 12,7%, асыраушысынан айырылғандар – 57 – 5,5%, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 37 –3,5%, қандастар – 4 – 0,4%). Жамбыл облысынан ағымдағы жылдың 1 қарашасына жұмыс күші тапшы өңірлерге 190 отбасы, 605 адам қоныс аударды. 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 58 340 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,5 млрд.теңге қаржы қарастырылған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 1210 (-13,5%)отбасына немесе –5766(-12,3%) адамға азайды.
2023 жылдың 1 қарашасына атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12312 балаға қосымша 404,6 млн.теңге төленді. Бүгінге облыс көлемінде 45 601мүгедектігі барадам тіркелген. Үстіміздегі жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына (сурдо-тифло құралдар, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбалар)бюджеттен 3,4 млрд.теңге қаржы бөлінген.10 айда әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 93%-ды құрап отыр. Яғни, порталға тіркелген 24 719 өтініштің, 22 967-сі қанағаттандырылды.
Өткен жылы басқармаға қарасты 12 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1 291 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да өз деңгейінде жалғастыруда, қазіргі кезеңде 1 578 адам қызмет алды.
Ағымдағы жылы Сарысу ауданында сыйымдылығы 25 орындық мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылса, Тараз қаласында 150 орындық оңалту және бейімдеу орталығының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді Сондайақ «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылып, өз жұмысын бастады.Орталық егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға және зейнеткерлік жастағы адамдардың физикалық және психикалық денсаулығын ұзарту мақсатынада, оларды белсендімәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіруді жүзеге асыру арқылы қызметтер көрсетеді.
Сонымен қатар, 1 желтоқсанда Тараз қаласында 110 балаға арналған «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығын» ашылады.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдастыруымен 14 бөлімше және 1 бөлімшеден тыс қызметі тарапынан үйде қызмет көрсету жағдайында 711 мүгедектігі бар азаматқа және балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.
Бүгінге мүгедектігі бар азаматтар мен балаларды оңалту және бейімдеу мақсатында 11 күндіз болу жағдайында орталықтары ашылып, 320 ересектер мен балаларға және 16 үйде қызмет көрсету бөлімшелерінде 438 азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.