Экономика
Жамбылда балалар орталығының бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
- author Zhambylokq
- 30 қараша, 2023
- 141
Жамбылда балалар орталығының бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған.
«Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)», - делінген ведомство хабарламасында.Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
«Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді. 2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде)», - делінген хабарламада.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Риддер тұрғындарының жылу төлемдері қайта есептелуі мүмкін
- авторZhambylokq
- 22 қаңтар, 2023