Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекеттік орман қоры жерінде өрт қаупі маусымында өрттен қорғау іс-шаралар қорытындысы

Мемлекеттік орман қоры жерінде өрт қаупі маусымында өрттен қорғау іс-шаралар қорытындысы
ашық дереккөзі
Мемлекеттік орман қоры жерінде өрт қаупі маусымында өрттен қорғау іс-шаралар қорытындысы
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, республика бойынша су ресурстарын тиімді пайдалану үшін, 20 жаңа су қоймасын салу және кемінде 15 жұмыс істеп тұрған су қоймасын қайта жаңғырту, 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырымға жуық суды қамтамасыз ету үшін кемінде 3500 шақырым арнаны жаңғырту және цифрландыруымыз қажет. Қазіргі уақытта осы тапсырмаға сәйкес, Жамбыл облысында бірқатар іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, көршілес Қырғыз Республикасынан ағын суға тәуелділікті азайту үшін, су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс істеп тұрған 2 су қоймасын 4 млрд. теңгеге  қайта жаңарту жүргізілуде (Ынталы, Тасөткел, 650 млн. текше метр), 2 су қоймасы бойынша 51 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленуде (көлемі 166 млн. текше метр: Теріс-Ащыбұлақ - 158 млн. текше метр, Қарақоныз - 8,5 млн. текше метр). Тасоткел су қоймасында құрылыс жұмыстары 75% орындалды. Нысанның құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 434 млн. теңгеге гидрологиялық бекетке күрделі жөндеу жүргізілуде (Жамбыл ауданы Жасоркен ауылы). Нысанды қалпына келтіру Қазақстан мен Қырғызстан Республикасы арасындағы Талас өзені бассейні бойынша Мемлекетаралық су бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда облыстың 6 ауданында 69 мың га алаңда 36,6 млн. теңгеге арналарды қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" РМК). Суармалы суды пайдалану үшін қосымша 103 ұңғыма бұрғыланды, 3,8 мың га суармалы сумен қамтылды. Вегетациялық кезеңде жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде Қырғызстан Республикасына суармалы суға тәуелділік 85% - дан 50% - ға дейін төмендейді.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар