Ветеринария саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар
2023 жылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1,5 млн. бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілі.
Облыс бойынша 10 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (бұдан әрі - АШЖБ) барлығы 4,8 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (569 мың бас ірі қара, 4 млн. бас ұсақ мал, 7 мың бас шошқа, 195 мың бас жылқы, 8 мың бас түйе малы) тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары 10 (он) айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 19,8 млн. манипуляция жүргізілді.
Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 37 елді мекенде (Байзақ - 1, Жамбыл - 1, Мойынқұм - 14, Сарысу – 7, Талас - 9, Шу - 1) 2,9 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына үш кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары (аудан әкімдерімен бекітілген кесте бойынша) толығымен жүргізілді.