Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбылда жаңартылатын энергия көздері саласында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Жамбылда жаңартылатын энергия көздері саласында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады
ашық дереккөзі
Жамбылда жаңартылатын энергия көздері саласында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Жаңартылатын энергия көздері Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бұл салада көш бастап тұрған өңірлердің бірі Жамбыл облысы. Мұнда күн және жел энергиясын өндіретін қуаты 450-460 МВт құрайтын 21 нысан бар. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жаңартылатын энергия көздері саласында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
«Үш ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Франция, БАӘ инвесторлары жел энергиясын өндіру қуаттылығын арттырмақ. 2026-2027 жылдардың соңына дейін қазіргі 450 МВт-тан 2,5 ГВт-қа дейін жел энергиясын алу жоспарланып отыр. Бұл облыста индустрияны дамытуға, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, жел қуатынан энергия алатын құралдарды шығаратын зауыт ашу көзделген және өндірілген жел энергиясын сақтау үшін қажетті құрылғыларды салу мәселесі пысықталуда.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар