Экономика
Риддер тұрғындарының жылу төлемдері қайта есептелуі мүмкін
- author Zhambylokq
- 22 қаңтар, 2023
- 42
Риддер тұрғындарының жылу төлемдері қайта есептелуі мүмкін
Арман Мәліктің айтуынша, қайта есептеу сомасы әлі белгісіз, бірақ бұл мәселені департамент қарастырып жатыр.
"Бізге ұсынылған типтік келісімшартта тасымалшы қызметті сапалы көрсетуге және жетпей қалған энергия үшін қайта есеп жүргізуге міндетті екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, бізде министр бекіткен жылу энергиясын пайдалану ережелері бар, онда егер жылу көзі сапалы энергиямен қамсыздандырмаса, онда кондоминиум объектілері, КИК аталған фактіні тіркеп, жабдықтаушы компанияға жүгінуі керек және ол оларды ескеріп, қайта есеп жүргізуге міндетті".Арман МәлікЕгер қайта есептеу жүргізілмеген жағдайда Риддер тұрғындары ТМРК-нің ШҚО бойынша департаментіне арыздана алады.
"Біз қазір "Риддер ЖЭО" АҚ-дан қажетті ақпаратты алып, оны тексеріп жатырмыз, әкімдікпен бірлесіп жұмыс істейміз. Сапасыз жеткізілген энергия қызметі үшін төлемді қайта есептеу мәселесі зерттелуде. Есеп жүргізілді, бірақ әзірге соңғы сома әлі айқындалған жоқ".Арман Мәлік
Келесі мақала