Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Су тапшылығы салдарынан зардап шеккен шаруаларға төтенше жағдай резервінен өтемақы төлеу туралы

Су тапшылығы салдарынан зардап шеккен шаруаларға төтенше жағдай резервінен өтемақы төлеу туралы
ашық дереккөзі
Су тапшылығы салдарынан зардап шеккен шаруаларға төтенше жағдай резервінен өтемақы төлеу туралы
Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде суармалы егіс алқаптарындағы 9 мың гектардан астам жерге егілген өнім – жазғы кезеңде суармалы су тапшылығы мен құрғақшылықтан жарамсыз деп табылды.Облыс шаруаларына келтірілген шығынды өтеу үшін ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде елдің төтенше резервінен 3,7 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Арнайы комиссия зардап шеккен ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, шаруалардың ұсынған растайтын құжаттары бойынша өтемақы төленетін тізімге 358 шаруа қожалығы енді. Оларға төтенше резервтен 2,7 млрд. теңге өтелді. Бөлінген 3,7 млрд. теңгенің 890 млн. теңгесі ауыл шаруашылығы тауларын өндірушілер тарапынан растайтын құжаттарды ұсынбауы, кейбір жағдайларда олардың сәйкес келмеуі себебінен мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Атап айтқанда, Жамбыл ауданынан алты шаруа қожалығы тиісті құжаттарды ұсынбаған. Байзақтық екі шаруа өтемақы алудан бас тартса, Меркі және Байзақ ауданының үш шаруа қожалығы субсидиялар бөлінген дақылдардан басқа дақыл түріне субсидия беруді талап еткен. Бұл ретте өзге дақылдар бойынша субсидия алынған. Сонымен қатар, қордайлық тоғыз, байзақтық төрт шаруа қожалық талаптарға сай келмеуі, яғни, жерге меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауына байланысты өтемақыға қол жеткізе алмады. Арнайы комиссия Меркі және Т.Рысқұлов ауданының 6 шаруа қожалығына өз ұңғымаларының болуы себебінен және Талас ауданының 1 шаруашылығына «Қазсушар» РМК-мен келісім шарттың болмауына байланысты өтемақы беруден бас тартты.    
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар