Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
ашық дереккөзі
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Есеналиева Майра Аманқұлқызының қатысуымен баспасөз конференциясы  өтті. «Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Брифинг барысында орталықтың жұмысы, ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар мен облыстағы дарынды оқушылардың жетістіктері туралы айтылды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өңірдің мектеп оқушылары  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 11 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген байқаулардың аудандық кезеңдерінен өтіп, облыстық және республикалық кезеңдеріне қатыстырылады. Облыстық «Жамбыл дарыны» орталығының жұмыстары 5 бағытта  жүргізіледі: І. Жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән олимпиадаларын ұйымдастырып, өткізу. ІІ. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми зерттеу жобалары мен конкурстарын ұйымдастырып, өткізу. ІІІ. Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар жарыстарына қатысу. ІҮ. Шығармашылық және өнер байқауларын ұйымдастырып, өткізу. Ү. Мектеп оқушыларының қабілеттілік деңгейін анықтау және кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Қабілет» қызметін жүргізу. Республикалық және халықаралық ғылыми жобалар мен конкурстарының жылдық салыстырмалы  көрсеткіші бойынша 2021-2022 оқу жылында  75 оқушы жеңімпаз атанса, 2022-2023 оқу жылында 79 оқушы жеңімпаз атанды. Биылғы оқу жылында жеңімпаз атанған 87 оқушының 14-і Халықаралық деңгейде жүлделі орын алса, 65 оқушы Республикалық деңгейдегі медальдарды жеңіп алды.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар