Жаңалықтар
Синоптиктер аяз, тұман және көктайғаққа байланысты 11 өңірде ескерту жасады
- author Zhambylokq
- 16 желтоқсан, 2023
- 136
Синоптиктер аяз, тұман және көктайғаққа байланысты 11 өңірде ескерту жасады
Абай облысының оңтүстігінде тәулік бойы жаяу бұрқасын. Жел шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 мерт болады. Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 26 градус қатты аяз болады. Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, облыстың батысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шымкентте кей уақытта тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні - 15-20 м/с.
Келесі мақала