Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ТАРАЗДА ASPARA FASHION WEEK ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘН АПТАЛЫҒЫ

ТАРАЗДА ASPARA FASHION WEEK ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘН АПТАЛЫҒЫ
ашық
Қасиетті Тараз қаласында кезекті ASPARA FASHION WEEK халықаралық сән апталығы бастау алды. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне шаһар бұл жолы да әлемнің түкпір-түкпірінен келген дизайнерлер мен сән индустриясы өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ASPARA FASHION WEEK — жай ғана сән көрсетілімі емес, мәдениеттер мен идеялар тоғысатын маңызды халықаралық платформа. 17 маусым ішінде жоба 50-ге жуық елден 700-ден астам дизайнерді біріктіріп, ауқымды деңгейге шыққан.

Іс-шараның басты ерекшелігі — дәстүр мен заманауилықтың үндестігі. Мұнда ұлттық қолөнер элементтері қазіргі дизайнмен үйлесіп, жаңа бағыттағы сән үлгілері ұсынылады. Осылайша, жоба мәдени мұраны жаңғыртуға және оны әлемдік сән кеңістігінде танытуға мүмкіндік береді.

Бүгінде ASPARA FASHION WEEK дизайнерлер үшін жаңа байланыстар орнатып, халықаралық деңгейге шығуға жол ашатын маңызды алаңға айналған. Ал Тараз қаласы өз кезегінде қатысушыларға ерекше атмосфера сыйлап, шығармашылық шабыт көзі болуда.

Айта кетейік, шараға халықаралық сарапшылар мен серіктестер де қатысуда. Олардың қатарында Svetlana Horvat пен Marianna Micheli бар. Олар сән индустриясының дамуына өз үлесін қосып жүрген тәжірибелі мамандар.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, ASPARA FASHION WEEK — бұл тек сән көрсетілімдері ғана емес, мәдени мұрадан заманауи сәннің қалыптасу үдерісін көрсететін бірегей жоба.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар