Жаңалықтар
Түркістан және Жамбыл облыстарының автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды
- author Zhambylokq
- 16 желтоқсан, 2023
- 189

Түркістан және Жамбыл облыстарының автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігінен, Қазавтожол, жергілікті атқарушы органдардан 450-ден астам адам және 230 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар өзара іс-қимыл шеңберінде көмек көрсету үшін келген Қырғызстан ТЖМ-нің 42 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы тартылды.
Түркістан облысындағы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға ТЖМ бөлімшелерінен, жол қызметтерінен, полициядан және жергілікті атқарушы органдардан 450-ге жуық адам мен 140 бірлік техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар Жетісу облысының жолдарында 70-тен астам адам құтқарылды.
Қазіргі уақытта Жамбыл, Түркістан , Абай және Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.
Республикалық және өңірлік деңгейдегі жедел штабтардың жұмысы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасатын болады.
Келесі мақала
Жаңатаста көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ «JIBEK JOLY» АЭА АРҚЫЛЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ҚАДАМ БАСУДА
- авторZhambylokq
- 13 тамыз, 2025