Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жаңатаста көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Жаңатаста көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
Жаңатаста көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Биылғы жылы ауданның 95 жылдық мерейтойынан бастап, өзге де айтулы мерейтойларды абыроймен атап өткен ауданымызда көптеген игілікті шаралар жүзеге асуда. Бүгін қала тұрғындары қуанышты сәттің, игілікті шараның куәсі болды. Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы №44-ші, 56 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп пайдалануға берілді. Пәтер кілттерін табыстау салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтады. «Бүгін қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Жеке кәсіпкердің өз қаражатына жөндеген бұл тұрғын үйді мемлекеттің қорына алып, ел игілігіне беріп отырмыз. Бұл пәтерлер негізінен, әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға беріледі. Жаңатас қаласы үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жылдан жылға қала тұрғындарының саны көбейіп, тұрғын үй кезегіндегі тұрғандардың саны да арта келеді. Қаламызда пәтер алу кезегінде екі мыңға тарта азамат кезекте тұр. Бүгін міне ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған бірқатар азаматтар жаңа қонысқа ие болып отыр»,- деген аудан басшысы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, ел игілігіне ұсынған және құрылыс жұмыстарына ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Бұдан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев қуаныш иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Жаңа пәтерге ие болған азаматтарға пәтер кілттері салтанатты жағдайда табысталды. Жаңа қонысқа ие болған тұрғындар қуаныштарын жасыра алмай, облыс, аудан басшыларына алғыстарын білдірді.    width=  width=  width=  width=  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар