Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономиканың көрсеткіштерінің барлық бағыттары бойынша оң динамика қалыптасты. Кірістер 109,1%-ға, оның ішінде өзіндік кірістер 3,9 млрд. теңгеге орындалып, 117,9%-ға артты. Бүгінгі күнге ауданда  жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6970 бірлікті құрап оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 6513 бірлік, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға артқан. Егістік алқаптарының жалпы көлемі 148,8 мың га құрайды. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1,6 мың га артық орындалды, масақты дақылдар 122,5 мың га немесе 9328 га артық орындалып отыр. Ағымдағы жылы аудан аумағында 550 га қант қызылшасы егіліп, 467 га егістік алқабы табиғи техногендік апаттан жарамсыздыққа ұшыраған. Қазіргі таңда қалған 83 га қант қызылшасы алқабы толығымен қазылып 1907 тонна қант қызылшасы жиналып, оның 1744,3 тоннасы Меркі қант зауытына өткізілді. Өнімділік – әр 1 га-дан 229,7 ц/га. За 11 месяцев поголовье скота достигло 771,2 тыс. голов. 2019 жылы бастау алған пилоттық жоба аясында 5 ауылдық округте 3,1 млрд. тенге игеріліп, бүгінгі күнге 22 147 бас мал алынып (о.і.: қой – 19 178 бас, МІҚ – 1 164 бас, жылқы – 1 805), 2023 жылдың 11 айында аудандағы мал басы 771,2 мыңға жетіп отыр (жоба аясындағы алынған мал басын шегергенде – 749,2 мың бас). 22 дана әртүрлі техникалар алынды. Жалпы 655 жоба жүзеге асып отыр. Аудан бойынша 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 61,9 млрд. теңгені құрайтын 195 ірі және шағын инвестициялық жобалар айқындалып, оның 6,5 млрд. теңге құрайтын 70 жобасы биылғы жылы жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде 637 жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бүгінгі күнге 732,9 млн. теңгеге 27 жоба толық іске асырылып, нәтижесінде 84 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында ауданымыздағы 3 елді мекенге Қазақ, Сәлімбай, Жаңатұрмыс ауылдарында орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылып, ел игілігіне берілді. Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы (80 пәтерлі) көп қабатты тұрғын үйлердің алғашқы нүктесі пайдалануға берілсе, екінші нүктесін жыл соңына дейін пайдалануға беріледі  деп жоспарланып отыр. 2023 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сұранысқа ие мамандардың тізбесі қалыптастырылып, 34 маманға бекітілді. Ауданға қарасты 15 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 67 636 адам тұрады. Оның 27200 экономикалық белсенді топтың қатарында. Бүгінде ауданның 32 ауылдық елді мекендері орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, өңірдің даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай ауданның 42 елді мекені 100% ауыз сумен қамту жоспарлануда. Бүгінге 34 елді мекеннің 63,5 мың адам табиғи газбен қамтылған, тұрғынмен есептегенде 98,5%-ға жетеді. Ауданда 71 (39 мектеп, 26 балабақша, 5 қосымша білім беру ұйымдары, 1 түзету кабинеті) білім беру ұйымдары қызмет атқарады. 39 мектепте (28 орта, 8 бастауыш, 2 негізгі), 14 182 бала білім алуда, 26 балабақшада (14 мемлекеттік, 12 жекеменшік) 2848 бүлдіршін тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамту үлесі 100%; 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 93,3% құрайды.Үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептер жоқ. Ауданда  35 денсаулық мекемелері бар (1 аудандық орталық аурухана,1 аудандық емхана, 1 ауылдық емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік амбулаториялық пункт, 13 медициналық пункт). 35 мекемеде 871 (116 дәрігер, 480 орта буын, 121 кіші буын, 154 басқалары) маман қызмет атқарады. Ауданда 183 спорт нысаны (3 спорт кешені, 1 стадион, 110 спорт алаңшасы, 21 футбол алаңы, 48 спорт зал және 5 басқа), 54 мәдени ошақ                          (21 мәдениет үйлері мен клубтар, 31 кітапхана, 1 кинотеатр, 1 мұражай) халыққа қызмет етуде.   «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Көгершін ауылдық мәдениет үйінің құрылысын жүргізіліп ел игілігіне берілсе,  Луговой ауылдық мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2022-2025 жылдарға арналған «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасына сәйкес  Жаңатұрмыс ауылында 140 орындық клуб ғимаратының құрылысы  жүргізілетін болып енгізілді. «Даму жоспарына» сәйкес 2024 жылы Д.Қонаев және Қорағаты ауылдық  мәдениет  үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықпен кездесулер былтырғы жылдан бастап жаңа форматта өтуде. Бүгінгі күнге барлығы 61 жеке  қабылдау өткізіліп, көтерілген мәселелерге қатысты жалпы 243 хаттамалық тапсырмалар берілді.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар