Жаңалықтар
«Алматы 2-Атырау» жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады - ҚТЖ
- author Zhambylokq
- 21 желтоқсан, 2023
- 119
«Алматы 2-Атырау» жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады - ҚТЖ
«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, Шымкент-Тараз және Шу-Отар теміржол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты пойыздар қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді. Осыған байланысты 30-дан астам жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен артта қалды. Теміржолшылар тәулік бойы көліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде.
«Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кестені түзету үшін Астана-Алматы-Астана, Атырау-Алматы, Ақтөбе-Алматы, Алматы-Жезқазған бағыттары бойынша алты жолаушылар пойызының жүруі тоқтатылды.
Ұлттық тасымалдаушы компания 10,8 мың жолаушыға тамақ ұйымдастырды (оның 5,7 мыңы — вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда, 5,1 мыңнан астамы — Шу, Шымкент және Отар станцияларында). Сондай-ақ, осы кезеңде теміржолшылар 11 мың текше метр қар шығарды.Қарлы циклон өңірде электр энергиясымен жабдықтаудың үзілуіне себеп болды, соның салдарынан «Алматы 2 — Атырау» жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады. Теміржолшылар электровозды тез арада тепловозға ауыстырды», — деп жазды ведомстводан.
«Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін билет кассалары тәулік бойы жұмыс істеді. 14-18 желтоқсан аралығында тоқтатылған пойыздарға 5 мыңнан астам билет қайтарылды», — деп толықтырды компаниядан.
Келесі мақала