Жаңалықтар
Германия қымызды патенттеп алды ма? – Әділет министрлігінің жауабы
- author Zhambylokq
- 21 желтоқсан, 2023
- 99
Германия қымызды патенттеп алды ма? – Әділет министрлігінің жауабы
Ресми өкілдің атап өтуінше, Германияда қымыздың құрғақ ұнтағынан капсула немесе түйіршіктелген түрлерін жасауға патент берілген.«Қазір қоғамда дәстүрлі сусынымыз – қымызға қатысты алып-қашпа әңгімелер көп. Тіпті кейбір ақпарат құралдарында қымызды Германия патенттеп алыпты деген әңгіме де бар. Осы орайда Германияда қымыз бен бие сүтіне, яғни саумалға ешкім патент алмағанын атап өткім келеді. Иә, шынында да, Германияда патенттер бар, бірақ қымызға емес, оны өндіру әдістеріне ғана. Қымыз Германиянікі деген түсінік еш уақытта болмайды. Өйткені, қымыз тек Қазақстанда емес, Орталық Азия елдерінде өндіріледі. Ол бір елдің өнімі деп патенттелмейді», - деді Талғат Уәли.
«Ал Қазақстанда ұлттық өтінім өндірушілерге қымыздың өзіне емес, таблеткадағы қымызға, сондай-ақ кептірілген бие сүтіне, яғни өндіру әдістеріне патент берілді», - деді ол.
Келесі мақала
Жуалыда 18 отбасы баспаналы болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- авторZhambylokq
- 27 желтоқсан, 2024